Арман Қаниев
Арман Қаниев 1954 жылы 22 ақпанда Павлодар қаласында туған. Павлодар қаласындағы №3 мектеп-интернаттың (қазіргі Ы.Алтынарин атындағы №3 гимназия-интернат) 9 сыныбында оқып жүргенде ұлтжанды жасөспірімдердің «Жас ұлан» атты жасырын саяси ұйымын құрып, жетекшісі болып сайланған. Бұл ұйымды құрғаны үшін Комсомол комитетінің қатарынан шығарылып, мектептен қуылып, көптеген кедергілерге ұшыраған. 1976 жылы Чапаев орта мектебін сырттай оқып бітірген.
1995 жылы Павлодар педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тамамдаған. Әр жылдарда Павлодар облыстық телерадио компаниясында редактор, «Сарыарқа самалы», облыстық «Қазақ тілі» қоғамының «Ертіс дидары» газеттерінде тілші, журналист болып қызмет істеген. Қазір «Ертіс дидары» газетінің редакторы.
Ақынның өлеңдері «Қарлығаш», «Арман қанатында» сияқты ұжымдық жинақтарға енген. «Ар алдында», «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ», «Тамшылар», «Шындықпен бет-бет» жыр жинақтары жарық көрген.
2022 жылдың 1 қыркүйегінде дүниеден өтті.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
