Тәшібай Әлмұхамбетов
Тәшібай Әлмұхамбетов – Торғай өңіріндегі Бастау деген жерде дүниеге келген. Балалық шағын Ұлытау, Қарсақпай, Жезқазған атырабында өткізеді. 1938 жылы Абай атындағы Мемлекеттік педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіреді. Бұдан кейін Ұлытау, Қарсақпай, Жезқазған мектептерінде мұғалім болып істейді. 1942 жылы майданға аттанады. Дон өзені бойындағы қатты ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, Қазан госпиталінде дүние салады. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ақынжазушылармен бірге, Тәшібай есімі де Қазақстан жазушыларының үйіндегі ескерткіш тақтада алтын әріптермен жазулы. ҚазПИде оқып жүрген кезінде оның «Туған жер» деген өлеңі «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланады. Сол жылдары жарық көрген ұжымдық жыр жинақтарына жыр топтамалары енеді. Ол бірнеше әдеби сын мақала, әңгіме, очерк, поэма, повестер де жазған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
