Мейрамбек Беспаев
Мейрамбек Беспаев Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Анасының есімі - Жібек Жолдасова. Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады. 1994-98 жж. Т.Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолын «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды. 1997 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Әзірбаевтың, А.Қоразбаевтің (Бозторғай, Кеш жарық, Шаш-баулым, т.б.), Н.Тілендиевтің Өз елім, т.б. қазақ композиторларының әндері бар. Қазір Қазақконцерттің әншісі, сондай-ақ, танымал МузАрт тобының мүшесі. Гастрольдік сапармен шет елдерде, Қазақстанның барлық қалаларында болып өнер көрсеткен.
2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.
2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода өз-өзін сомдайды.
Фильмография
- 1991 — «Қоштасқым келмейді» (Нұрсейіт)
- 2010 — «Ғашық жүрек» (Мейрамбек Беспаев)
- 2011 — «Ғашық жүрек 2» (Мейрамбек Беспаев)
Марапаттары
- ҚР Үкіметінің Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
- 2012 жылғы президент жарлығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
- 2016 жылы ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл медалі;
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
