Секен Тұрысбек
Секен Тұрысбек Кәрімұлы 1961 жылы 1 май күні қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 1 Май ауылында дүниеге келген.
Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде Қ.Досымжанов класын тәмамдап, Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын М.Әубәкіровтің жетекшілігімен бітірді.
«Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі және бөлім меңгерушісі, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері.
«Жазғы қар», «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Бесік күйі»(«Балауса»), «Күлтегін», «Көк бөрі», «Дарабоз», «Ақжүніс», «Өкініш», «Боздақ», «Аруана»(«Шығыс жұлдызы»), «Мәлғаждар» күйлерінің және «Аққу сазы», «Ерке қусым», «Көктемім менің, көктемім», «Қоңыр қаз», «Шағала», «Мен бір жұмбақ адаммын», «Айхай заман», «Аяулы арман, дуние», «Қос жұлдызым», «Бауырым сонау, күн кайда?», «Анама», «Тарбағатай», «Қоңыр жел», «Қарлығашым», «Толғау», «Қызыма», «Жанымнан тәтті өмір», т.б. ән-күйлер мен романстардың авторы.
1985 жылғы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің XII дүниежүзілік фестивалінің, 1988 жылғы Қазақстан Комсомолы сыйлығының лауреаты. 1993 жылдан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
