Нұрлан Қами
Нұрлан Ізғалиұлы ҚАМИ, жазушы, драматург, аудармашы.
02.01.1959 жылы Атырау облысындағы Құлсары қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған.
«Кездесу» (2003 ж. «А-Полиграфия», Ақтөбе), «Көк қақпа» (2010 ж. «Қазақ тарихы», Алматы), «Қар адамы» (2015 ж. «Жазушы», Алматы), «Хан Мөде» (2016 ж., «Томирис 21», Алматы) деп аталатын кітаптары (әңгімелер мен хикаяттар) жарық көрген. «Жұлдыз» журналының 2013 жылғы 9-12 сандарында «Беймезгіл» романының 1-кітабы жарияланды.
Орыс тілінен Олжас Сүлейменовтің «Тарихқа дейінгі түркілер» зерттеу кітабының бір бөлігін («Жалын», 2003, сүйінші саны, № 1-2, 2004 ж.), Шыңғыс Айтматовтың «Шыңғысханның ақ бұлты» хикаятын («Жұлдыз», № 6, 2003 ж., «Атамұра», 2004 ж), «Кассандра таңбасы» («Арда» баспасы, 2006 ж., «Әлем әдебиеті», № 2-3, 2008 ж.) және «Тау құлаған» («Мәңгілік қалыңдық» деген атпен жарияланды) романдарын («Жалын», № 6-12, 2006 ж., № 1, 2007 ж.) аударған. Қырғыз классигінің қаламынан туған осы үш шығарма 2017 жылы «Дәуір-Кітап» баспасынан «Тау құлаған» деген атаумен жеке кітап болып басылып шықты. «Жұлдыз» журналының 2019 жылғы 7-ші санында «Қыз Данайдың қырғыны» деп аталатын хикаясы жарияланды.
Бірнеше пьеса мен киносценарийдің авторы, ешқайсысы қойылмаған. Көрнекті қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «Діл-таразы» (конкурсқа «Қаламгер» деген атаумен жіберілді) пьесасы «Алтын қалам 2016» әдеби жүлдесінің «Жылдың үздік драматургиясы және сценарийі» аталымы бойынша үздік деп танылды. Қазақстан Жазушылар Одағы мен Атырау облыстық әкімшілігі бірлесіп тағайындаған Ғабдол Сланов атындағы әдеби сыйлықтың 2019 жылғы жүлдегері.
Үйленген, үш ұлы бар.
Жарияланған шығармаларының Т І З І М І
- «Профессордың қателігі», әңгіме. «Жалын», № 3, 1985 ж.
- «Тайга үстіндегі жарылыс», әңгіме. «Білім және еңбек», № 8, 1986.
- ----------------------------------- «Арман қанатында», жинақ. 1986 ж.
- «Тау қызы», әңгіме. «Жалын», № 3, 1989 ж.
- «Бір түні», әңгіме. «Дала», № 1, 2001 ж.
- ---------------------- «Өмір», № 5, 2004 ж.
- «Темірқазық», хикаят. «Жұлдыз», № 8, 2003 ж.
- «Степаныч», әңгіме. «Қазақ әдебиеті», № 6, 2004 ж.
- «Қарт Қожақ», «Қар адамы», «Көк қақпа», «Айна» - әңгімелер. «Қазақ әдебиеті», 2008-2011 жж..
- «Кездесу», тұңғыш кітап. «А-Полиграфия» ЖШС, 2003 ж.
- «Көк қақпа», әңгімелер мен хикаяттар, «Қазақ тарихы» баспасы, 2010 ж.
- «Қар адамы», әңгімелер мен хикаяттар, «Жазушы» баспасы, 2015 ж.
- «Хан Мөде», ----------------------------, «Томирис 21» баспасы, 2016 ж.
А У Д А Р М А Л А Р
- «Шыңғысханның ақ бұлты», хикаят, Ш.Айтматов. «Жұлдыз», № 6, 2003 ж. «Атамұра» баспасы, 2004 ж.
- «Тарихқа дейінгі түркілер», зерттеу, О.Сүлейменов. «Жалын», № 1-2, 2004 ж.
- «Мәңгілік келіншек», роман, Ш.Айтматов. «Жалын», № 6-12, 2006 ж.
- «Кассандра таңбасы», роман, Ш.Айтматов. «Арда» баспасы, 2006 ж.
- -------------------------------------------------- «Әлем әдебиеті», № 2-3, 2008 ж.
Көп оқылғандар
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Асқар Алтай. Бала жанының бағбаны
Асанәлі Әшімұлы: «Актермін мен, мың өліп, мың тірілген»
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Гүлтас Құрманбай. Тағдыр сыйы
Дзюнъитиро Танидзаки. Кішкентай мемлекет
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Зияш Телеуова. Шал мен шам
«Қаллеки театры» жаңа маусымын «Абаймен» ашты
Қаламгер Қайым-Мұнар Табеев дүниеден озды...
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
Мақсат болу үшін идея керек...
Тикондерога (шотланд мифі)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Абайдың даналығы
Уақыт – үнсіз куәгер...
