Бауыржан Мырзақұл
Бауыржан Мырзақұл Талғатұл ОҚО, (бұрынғы Мырзашөл өңірі) Мақтарал ауданы, Жылысу ауылында 1992 жылы дүниеге келген. М.Шоқай атындағы орта мектепбінде тәлім алған. Мектеп қабырғасында жүргенде «Жұлдыз жырлар жарығы» атты жыр жинағы жарық көрген. Өлеңдері бұқаралық ақпарат беттерінде жиі жарияланып тұрады: «Ақжелкен», «Шапағат-нұр», «Мырзашөл», «Алтын ұя», «Жалын» журналдары мен «Болашақ», «7сыр», «Нарық әлемі», «Қазақ университеті», «Қазақ әдебиеті» газеттері және «NAMYS.kz», «MUSLIM.kz», «MASSAGET.kz, ISLAM.kz» сайттары.
2013 жылғы ТЖМ-ның (Төтенше Жағдайлар Министрлігінің) әнұранының авторы. 2011-2013 жылдары ҚазҰУ-да жарық көрген «Жез қоңырау» және қазақ поэзиясының «Жыр Маржаны» атты X томдық антологияларына және де «Аңсар-2014» Қазақстан халқы Ассамблеясының әдеби байқауы бойынша жарық көрген жинаққа шығармалары енген.
Көптеген мүшәйраларда өз бағын сынап көрген: 2013 жылы өткен «Мен жастарға сенемін» атты Республикалық жыр-мүшәйрасында ІІ орын, ал 2014 жылы «Тек «Ел» деген сөз үшін!» атты М.Жұмабаевтың 120 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық жыр-мүшәйрасында жүлделі І орын және де 2014 жылы ҚызПУ-дың 70 жылдық мерейтойына орай өткен «Атыңнан айналайын, қазақ қызы!» атты республикалық жыр-мүшайрасының жүлделі ІІІ орын иегері атанған.
Алматы облыстық дарынды балалараға арналған Ш.Смағұлов атындағы физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатында 2014 жылы тәрбиеші болған. 2015-2016 жылдары А.Крылов атындағы Алматы қалалық балалар кітапханасындағы «Алтын шаңырақ» үйірмесінің жетекшісі. 2016-2017 жылдары «Қазақ университеті» баспа-үйінің редакторы.
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің 2014 жылғы түлегі. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің дінтану магистрі. 2017 жылы «Ышық» жыр жинағы жарық көрген. Қазіргі таңда «7 сыр» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.
Көп оқылғандар
17.09.2026
2191
12.09.2026
1722
16.09.2026
1620
14.09.2026
1101
14.09.2026
1098
14.09.2026
1079
12.09.2026
969
17.09.2026
919
15.09.2026
769
16.09.2026
670
14.09.2026
641
15.09.2026
559
16.09.2026
441
18.09.2026
424
22.08.2026
13362
27.08.2026
8904
02.09.2026
7639
21.08.2026
5198
03.09.2026
4732
05.09.2026
3468
23.08.2026
2427
24.08.2026
2364
30.08.2026
2220
17.09.2026
2191
28.08.2026
2183
08.09.2026
2141
26.08.2026
2061
31.08.2026
2040
