Құлтөлеу Мұқаш
Құлтөлеу Мұқаш - 1959 жылы 25-қарашада Қарағанды облысына қарасты Ақшатау кенішінде туған. Еңбек жолын туған жеріндегі шахталардан бастайды. Совет Армиясы қатарында қызмет еткен. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі. Әр жылдары Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, «Қарағанды жастары» газетінде бас редактордың орынбасары, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») , «Қазақ Әдебиеті» газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Қазақстан мектебі» журналы бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақстан» Ұлттық арнасында бас редактор қызметтерін атқарған. Қазір республикалық «Қазақ үні» газетінде бас редактор. «Сенің терезең», «Боз жауын», «Біз білмейтін Құдайберген» («Тамаша» тарланы Құдайберген Сұлтанбаев жөнінде) , «Хан Кене рухы», «Әуестік әлемі», «Ұзақ бұралаң жол» (Бұл кітап «Долгая дорога домой» деген атпен орыс тілінде де шықты), «Салбыруын» роман-эссе, «Ақдариға» сияқты бірқатар кітаптың авторы. Француз жазушысы Луи Жаколионың романын және Джек Лондонның бірнеше хикаят, әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалаған. Сол секілді Олжас Сүлейменовтің «Таңбалар тілі» еңбегін ана тілінде сөйлетті.
ҚР Мәдениет қайраткері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1570
28.10.2026
1522
27.10.2026
865
28.10.2026
856
26.10.2026
772
27.10.2026
758
28.10.2026
424
24.10.2026
386
25.10.2026
385
28.10.2026
354
28.10.2026
295
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
215
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3210
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2283
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2117
14.10.2026
1873
