Мерей Қартов
Мерей Қарт 1989 жылы 4-желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылында дүние есігін ашқан. Ақын, филология ғылымдарының магистрі. Қазақстан Жазушылар одағы Семей өңірі филиалының төрағасы.
Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттінің "Семей жобалық кеңсесінің" бас маманы, Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы драма театрының әдебиет бөлім меңгерушісі. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. Төлеген Айбергенов төсбелгісімен марапатталған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры өткізген Республикалық «Алтын тобылғы» әдеби байқауының гран-при иегері. Республикалық «Жұлдыз», «Тұмар» журналдарында, «Ана тiлi», «Қазақ әдебиетi» газеттерiнде жалынды жырлары жарыққа шыққан. Республикалық "Алтын тұғыр" әдеби байқауының жеңімпазы, Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған жас ақын-жазушылардың "Үздік поэзия" аталымының иегері. «Есiмiң сенiң…», "Қамшы", атты жыр жинағының авторы.
Семей қаласының әкімінің атынан, "Ауыл" партиясының, Семей қаласының тілдер дамыту орталығының атынан бірнеше мәрте алғыс хаттармен марапатталған. Шығыстың дарынды ақыны "Қазақстанның құрметті журналисі", "Қазақ тілі" қоғамының тұңғыш төрағасы Серік Ғабдуллиннің 80 жылдығына арналған "Сөйле менің жүрегім, сөз келгенде" мүшәйрәсінің I-орын иегері.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында өткен "Жырлаймын сені, Жаңаөзен" атты республикалық жас ақындар байқауының I-орын иегері, Қараша батырға арналған жыр мүшәйрәсінің жеңімпазы. "Мәдениетке қосқан үлесі үшін" төсбелгісінің иегері.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
