Ганс Христиан Андерсен
210 жыл бұрын (1805-1875) әлемге әйгілі дат жазушысы АНДЕРСЕН Ханс Христиан дүниеге келді. Андерсеннің туған қаласы Оденседегі музей-үйінде оның дүниежүзі халықтарының тілдерінде жарық көрген туындыларынан, жазушы шығармашылығы жайында жазылған еңбектерден тұтас бір кітапхана жасақталған. «Импровизатор», «Тек скрипкашы», «Қос баронесса» романдары, «Мулат» пьесасы, «Ақын базары» қолжазба очерктер кітабы, «Менің өмірімнің ертегісі» өмірбаяндық кітабы және басқа да шығармалары әлем оқырмандарына жақсы таныс. Негізінен, әдеби ертегі, повестерімен даңқы шыққан. Танымал ертегі кітаптарында жазушы ар тазалығы мен жан жомарттығын, әділет, жақсылық сезімдерін ашып көрсеткен. Андерсен атындағы халықаралық әдеби сыйлық бар.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
