Анна Ахматова
Анна Ахматова - (23.6.1889, Одесса — 05.03.1966, Мәскеу) — ақын, аудармашы. Балалық шағы “Царское селода” өтеді, кейіннен ол 16 жасқа толғанда Санкт-Петербургке көшіп, сонда тұрған. Ахматованың арғы атасы Ахмат — татар ханы, Шыңғыс ханның ұрпағы. Өзі Киевтегі жоғары әйелдер курсында, Киев университетінің заң факультетінде оқыған. “Кеш” атты алғашқы өлеңдер жинағы 1912 жылы жарияланды. Кейін “Жел мені жерле” (1917), “Ақ түн” (1911), “Үйеңкі” (1940), “Ән” (1917) т.б. поэтикалық жинақтары жарық көрген. Ахматова лирикалық миниатюраның әлемге танымал шебері. Оның поэзиясында түркілік пафос, азиялық таным, көркемдік қабылдау ерекше аңғарылады. Шығыс пен Батыс поэзиясының үздік дәстүріне үндескен Ахматова шығармалары өзіндік дара стилімен өзгешеленеді. “Замана ағымы” (1965) жинағы үшін Ахматоваға Италияның Энт Ахматова Таормин әдеби сыйлық берілді. Оксфорд унивеситетінің құрметті докторы болды. Ахматова өлеңдері ағылшын, неміс, француз, итальян, жапон, поляк, чех және басқа да тілдерге аударылған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2635
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
843
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2635
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
