Болат Байтанаев
Байтанаев Болат Әбішұлы (1944-1998) филология ғылымының докторы. Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында туған. Шымкент педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті факультетін бітірген. 1967-1990 жылдары Шымкент өнер институтының аға оқытушысы, тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті орыс және шет ел әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология факультетінің деканы, аға ғылыми қызметкері болған. 1991-1999 жылдары Шымкент дене шынықтыру педагогикалық институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 1996 жылдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры қызметтерін атқарды. Ғалымның 50-ден астам мақала, зерттеу еңбектері жарық көрген.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
