Мағира Қожахметова
Мағира Қожахметова - 1946 жылы 5 ақпанда Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Қошқарбай ауылында дүниеге келді.
Көкшетау кітапхана техникумын бітіреді. Мектепте, кітапханада жұмыс істейді. 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде 1981 жылға дейін қызмет істеген. 1981—1992 жылдары «Қазақстан әйелдері) журналында, 1992—1994 жылдары «Денсаулық» журналында, 1994—1996 жылдары «Ай», 1996 жылдан «Ақ желкен» журналында қызмет еткен. 2002 жылдан бастап балаларға арналған «Балбұлақ» журналын, 2005 жылдан бері көпшілікке арналған медициналық, танымдық «Дертке дауа» газетін шығарыл келеді.
«Күннің алтын сынығы», «Әлем-әуен», «Жылы шырай», «Адам құпия», « Жантәсілім», «Жападан жалғыз» кітаптарының, көптеген танымдық материалдардың, шығармашылық портреттердің авторы. 2006 жылы шыққан Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Мәриям Хакімжанованың ІІІ томдық шығармалар жинағын құрастырған.
1982 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Тералқасының Құрмет грамотасымен, 2006 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2008).
Көп оқылғандар
22.10.2026
4228
22.10.2026
1829
26.10.2026
1550
28.10.2026
1331
22.10.2026
1138
22.10.2026
853
27.10.2026
829
26.10.2026
759
27.10.2026
732
22.10.2026
692
22.10.2026
430
28.10.2026
422
28.10.2026
387
21.10.2026
4376
22.10.2026
4228
20.10.2026
3369
07.10.2026
3277
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2280
05.10.2026
2277
30.09.2026
2168
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
