Абдулмахмуд Пошатаев
Пошатаев Абдулмахмуд Қанатұлы - ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі. 1976 жылы 29 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Кеңесарық елді мекенінде дүниеге келген. Алматы қаласындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын арнайы мектепті бітіргеннен кейін Түркістандағы Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетіне түсіп, 1997 жылы заңгер мамандығын алып шыққан. 1990 жылғы алғашқы «Әнші балапан» конурсының жеңімпазы.
“Жастық шақ жырлары”, “Елік ғұмыр”, “Мейірім шуағы” және “сезім иірімдері” (аудиокітап) атты кітаптардың авторы. Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі. Қызмет жасаған жылдарында ҚР Бас прокуроры тарапынан “Прокуратура озаты”, “Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл” төсбелгілерімен және “Алғыс хаттармен” марапатталған. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің “Ақпарат және байланыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін” Алғыс хатымен және “Егемен Қазақстан” газетінің 100 жылдығы" медалін, “Алғыс хатын” иеленген. «Қазақстан Респу бликасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығына» орай, Төлеби ауданы əкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №488 қаулысы негізінде өз с аласындағы еле улі еңбегі үшін «Жыл үздігі» төс белгісімен марапатт алған. « Төле бидің ғажайып өрнектері" атты 2022 жылғы облыстық жыр мүшәйрасының жеңімпазы. Сонымен қатар, «Бейбітшілік əлемі - Планета мира – World of Peace» Халықаралық Бірлестігінің «Жылдың үздік ақыны» дипломы жəне халықаралық «Шолохов.М.А.» медалімен, Азия мемлекеттері арасындағы халықаралық “Янги Овоз” бірлестігінің "Әлішер Навои" медалінің иегері.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1770
26.10.2026
1574
28.10.2026
1368
27.10.2026
918
27.10.2026
784
26.10.2026
784
28.10.2026
456
28.10.2026
412
24.10.2026
391
25.10.2026
388
28.10.2026
356
23.10.2026
256
28.10.2026
253
25.10.2026
245
21.10.2026
4384
22.10.2026
4235
20.10.2026
3376
07.10.2026
3284
15.10.2026
3211
20.10.2026
2924
09.10.2026
2868
16.10.2026
2574
09.10.2026
2290
05.10.2026
2289
30.09.2026
2174
08.10.2026
2132
15.10.2026
2121
14.10.2026
1876
