Нұрбол Құдайберген
Нұрбол Құдайберген Нұрланғазыұлы – 1996-жылы 9-ақпанда Түркістан облысы, Кентау ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.
2013-2018-жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жалпы медицина факультетінің бакалавр мамандығын тәмәмдаған.
2018-жылы 9-ақпанда Кентау қаласында Кентау қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Мен әзірге жұмбақпын» атты алғашқы жыр кешін өткізген.
2018-жылы 19-наурызда «Саттар Ерубаев» әдеби клубының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру» атты университет аралық жыр мүшәйрасында III орын иегері.
2019-жылы қазан айында Алматы облысында өткен «Байтақ елдің Балпық биі» атты республикалық байқаудың ынталандыру жүлдегері сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен «Біз жастарға сенеміз» атты жас ақындардың мүшәйрасының 30 үздік жас ақындарының жинағына енген.
Өлең туындылары республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жалын журналы» басылымдарына шыққан. Сонымен қатар бірнеше қалалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпазы.
2019-жылдың 29-30 қазан күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Алаш мәдениеті»қоғамдық қоры Қазақстандағы Жастар жылына орай «Мүшәйра» республикалық жас ақындар байқауында үздік 50 ақынның жинақ кітабына енген.
2020-жылы «Еріктілер жылы» аясында ұйымдастырылған «Ұлы достық» атты онлайн желісі бойынша өткен республикалық жазба ақындар мүшәйрасында бірінші орынды иеленген.
2020-жылы шілде айында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Шымкент медицина институтының жалпы хирургия мамандығын бітірді.
Ал қазіргі таңда жалпы хирургия мамандығы бойынша Ұлытау облысында дәрігерлік жұмысын атқаруда.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2633
28.10.2026
2467
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
856
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2633
16.10.2026
2586
28.10.2026
2467
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
