Төлеубай Ермекбаев
Төлеубай Ермекбаев - 1961 жылы 10 қазанда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.
1984 жылы М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп шыққан. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын атқарған.
1986 жылы Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясында тілші болып еңбек жолын бастаған. 1988-1989 жылдары республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің орталық облыстар бойынша өз тілшісі болған.
1989-1991 жылдары облыстық «Қарағанды жастары» газетінің редакторы болып қызмет атқарған. 1991-1995 жылдары Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редакторы болып еңбек етті.
Бүгінде Қарағанды облысы әкімдігінде жауапты қызмет атқарып жүр.
1987 жылдан Журналистер одағының мүшесі.
Бірқатар кітаптары жарық көрген. Ұжымдық жинақтарға шығармалары енген.
2009 жылы Қарағанды облысы әкімінің журналистика саласындағы «Алтын сұңқар» сыйлығына ие болды.
Шығармалары облыстық, республикалық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланып тұрады.
Көп оқылғандар
13.11.2026
4308
14.11.2026
3919
17.11.2026
2123
17.11.2026
1959
15.11.2026
1880
13.11.2026
1076
13.11.2026
961
13.11.2026
953
16.11.2026
817
13.11.2026
762
17.11.2026
751
16.11.2026
746
18.11.2026
690
17.11.2026
679
03.11.2026
4993
21.10.2026
4872
28.10.2026
4815
22.10.2026
4782
12.11.2026
4608
13.11.2026
4308
04.11.2026
4301
14.11.2026
3919
12.11.2026
3696
28.10.2026
3591
06.11.2026
3186
22.10.2026
2309
11.11.2026
2261
12.11.2026
2175
