Қанат Әуесбай
Әуесбайдың Қанаты 1982 жылдың 14 қаңтарында Жамбыл қаласында туған. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ журналистика факультетін «халықаралық журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған (1999-2004 жж.), филология ғылымдарының кандидаты. ҚазҰУ-дің аспирантурасын бітіріп, 2010 жылы «Қазақ телеарналарындағы ақпараттық бағдарламалар табиғаты» тақырыбында профессор Намазалы Омашевтің жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғады. ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендия стипендиаты. 2013-2014 жж. Ұлыбританияның Норвич қаласындағы Шығыс Англия университетінде оқыды (University of East Anglia, Norwich). 2016 ж. қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірді. Тұран-Астана университеті, құқық магистрі (2018-2020 жж.).
Қызмет жолын 2002 жылы «Түркістан» халықаралық газетінің тілшісі болып бастаған. Әр жылдары Европа Плюс Казахстан радиосының жүргізушісі, «31» арна «Информбюро» жаңалық қызметінің тілшісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушысы, «Қазақстан» ұлттық арнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында (АСБД) тілші, арнайы тілші, редактор-сарапшы, «Apta.kz» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында шеф-редактор, жүргізуші, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиа-директоры, «BNews» ақпарат порталы сарапшысы болды. Қазақстан ұлттық арнасында әр жылдары «Қазақстан. Менің елім», Өзекжарды қоғамдық-саяси хабарын, Алаң ток-шоуын, Сіз не дейсіз? бағдарламасын, Білгірлер бәйгесі зияткерлік-танымдық хабарын жүргізді. 2018-2019 жж. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының баспасөз қызметінің аға сарапшысы, «Astana» арнасында «Ruh.kz» ток-шоуының жүргізушісі, сценарисі болды. 2011-2019 жж. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің доценті. 2019-2021 жж. Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы. 22.05.2019 - 08.12.2021 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы директоры. 08.12.2021 ж. бастап «Elorda aqparat» ЖШС директорының орынбасары.
Қанат Әуесбай еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды: Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2012 ж.), Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты (2013 ж.), БАҚ өкілдеріне арналған республикалық «Nur Sunqar» байқауының «Көзқарас» аталымындағы жеңімпазы (2016 ж.), ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» (2017 ж.), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет саласының үздігі төсбелгілерімен (2019 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2020 ж.), Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған (2020 ж.).
ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес мүшесі (2018-2019), Қазақстан бас редакторлары клубы мүшесі (2017 ж.бастап), ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары Қауымдастығының Кеңес мүшесі (2021 ж. бастап), Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі (2018 ж.)
2016 жылы Ұлыбританияның Cambrige International Press баспасында Қанат Әуесбайдың қазақ және ағылшын тілдеріндегі Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен - Looking west. A Kazakh’s view of Great Britain кітабы шықты. Кітаптың тұсаукесері Ұлыбританияда, Кэмбридж университетінде 2016 жылы 15 желтоқсанда өтті. Кітаптың Қазақстандағы таныстырылымы Елбасы кітапханасында 2016 жылдың 24 желтоқсанында өтті.
Көп оқылғандар
Айгүл Кемелбаева. Тірісінде айтылмаған сөз... (Эссе )
«Бір ел – бір кітап»
Гүлнар Ізтаева. Тағдыр өзгере ме?
Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ. Жаңа жыл кешінде (әңгіме)
Асылбек Байтанұлының бес томдық жинағы жарық көрді
Қош, қазақтың арда ұлы
Абайтанушы ғалым дүниеден озды...
«Не үшін мені өлтірдің, кешіре алмай жатырмын...»
Арман Әділбек. Қожа кім немесе қазақ протесті
Өнерге көшкен өмір
Тоқтарәлі Таңжарық. Түс көрген жандар
Ардақ Үсейінова. Жалғыз-жарым
Әлия Бөпежанова: Жаңа идеялар мен өзгерістер заманы
«Алтын қалам-2024» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
Мақпал Мыса. Париж жырлары
Айгүл Кемелбаева. Тірісінде айтылмаған сөз... (Эссе )
Ертай Бимұханов. Дауыс
Ролан Барт. Шығармадан – мәтінге дейін...
Маржан Ершу. Фаризаның қайрағына қайралдым
«Фариза Оңғарсынова. Таңдамалы» жинағының тұсау кесері өтті
Жаңа жылға жақсы тілек
«Бір ел – бір кітап»