Төлен Тілеубай
Төлен ТІЛЕУБАЙ - 1974 жылы 19 маусымда Қарағанды облысы Шет ауданы Кеншоқы ауылында туған. 1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. 2021 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің магистратурасын үздік бітірді. Академиялық дәрежесі – әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Мамандығы бойынша еңбек өтілі – 23 жыл. Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды қаласында жаңадан жарық көрген «САНА» апталық тәуелсіз газетінде тілші-саяси шолушы болып бастады. Әр жылдары республикалық «Ақ жол, Қазақстан», «Жас қазақ үні», «Алтын орда» газеттерінің Қарағанды облысындағы, Астана қаласындағы меншікті тілшісі болды. Одан кейін елордада шығатын «Астана ақшамы» газетінде тілші, «Саясат және құқық» бөлімінің меңгерушісі (2001 – 2003 ж.ж.); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бұқарамен байланыс басқармасының ақпараттық-сараптама бөлімінің бас маманы (2003 – 2004 ж.ж.); ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік басылымдар редакциясында 1-ші санатты маман (2004 – 2005 ж.ж); «Жас қазақ» ақпаратты-сараптамалық ұлттық апталығының Астана қаласындағы меншікті тілшісі, бас редактордың орынбасары (2005-2016 ж.ж.) қызметтерін атқарды. 2018 жылдың 3 мамырынан бүгінге дейін «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінде шеф-редактор болып жұмыс істейді.
Төлен ТІЛЕУБАЙ осы жылдарда көптеген шығармашылық жетістіктерге қол жеткізді. 2002 жылы 28 маусымда Риддерде өткен «Еуразия сақинасы» атты 1-ші Еуразиялық ақпараттық форумның дипломанты атанды. 2003 жылы 3-8 қарашада Астанада өткен VI «ШАБЫТ-2003» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің «Журналистика» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері және «Әдебиет» номинациясы бойынша дипломанты болды. 2019 жылы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Сөз шебері - 2019» республикалық шығармашылық байқауының лауреаты атанды. 2021 жылы 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өткізілген БАҚ өкілдері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал еткен үздік журналистік шығармалар байқауының «Баспа басылымдардағы үздік сараптамалық материал» номинациясы бойынша лауреат атанды. 2021 жылы желтоқсан айында «Қазақтелеком» АҚ өткізген ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған журналистер арасындағы республикалық шығармашылық байқауда 3-ші орынды иеленді.
Үш кітаптың авторы:
1. “Аласапыран Америка” - очерк, публицистика, әңгімелер, өлеңдер, - Алматы, «Өлке», 2006 ж, 200 б;
2. “Тәуелсіздік – тұмарым” - сұхбаттар, мақалалар, публицистика, - Астана, «Бақорда», 2016 ж, 260 б;
3. “Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі” - оқу құралы, - Алматы, «Мазмұндама» қоғамдық қоры, 2022 ж. 204 б.
Қазақстан журналистикасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін 2011 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатын алды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды. 2017 жылы 22 желтоқсанда ақын Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығын насихаттауға қосқан айрықша еңбегі үшін «Төлеген Айбергеновке – 80 жыл» естелік медалімен марапатталды. 2019 жылдың 26 желтоқсанында және 2020 жылдың 27 маусымында ұлттық журналистиканы дамытуға және елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын алды. 2022 жылдың шілдей айында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісінің болды. 2022 жылдың қыркүйек айында «Qazaqstan dauiri» республикалық газетінің 30 жылдық мерейтойына арнайы шығарылған медальмен марапатталды.
Қазақстан Журналистер Одағының және «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…