Нұрхалық Абдырақын
Нұрхалық Абдырақын – 1976 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Филология ғылымдарының PhD докторы, жазушы, аудармашы. «Иірім» атты романы, «Аңсау», «Жан тыныштығы» атты әңгіме жинақтары, «Елді ұстап тұратын төрт топ» атты эссе мен ой толғамдары жарық көрді.
«Қытай мифтері», Ваң Бонанның «Даналықтың дәйегі», Сун Йисюэның «Қытай мәдениетіне саяхат», Уаң Мэңның «Күлкі мен жел» (роман), Шен Шисидың «Қасқырдың қаншық патшасы» (роман) қатарлы кітаптарды қазақ тілінде сөйлетті. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің баспа үйінен «Қытай-қазақ тіліндегі бастауыш-баяндауштық сөйлемді салыстыра зерттеу» атты монографиясы, «Қазіргі қытай тілінің грамматикасы», «Жаңа заман қытай әдебиеті», «Көне қытай әдебиеті», «Қытайша-қазақша фразеологиялық сөздік», «Қазақ және әлем тілдері мақал-мәтелдері», «Қытай тіліндегі елтануға қатысты мәтіндер топтамасы» қатарлы оқулықтар мен сөздіктердің авторы.
Әңгімелерінде руханитқа терең бойлап өз ұлтының үзілген тамырды іздеумен келеді. Оның «Абылай ханның пірі», «Иассауй кесенесінің салыну сыры», «Түйенің шудасындағы Құран», «Зауал», «Жан тыныштығы», «Мимрт», «Қала», «Злмауыр», «Ит тірлік» атты әңгімелері оқырманын бей-жай қалдырмады. Бүгінгі таңда публистикалық, ғылми мақалалары мен әңгімелері, афаризмдері, әдеби көркем аудармалары мерзімді баспасөзде үздіксіз жарияланып тұрады.
Көп оқылғандар
13.11.2026
4389
14.11.2026
4011
17.11.2026
2487
17.11.2026
2151
15.11.2026
2003
18.11.2026
1434
18.11.2026
1420
13.11.2026
1119
13.11.2026
1007
13.11.2026
976
18.11.2026
935
16.11.2026
869
18.11.2026
855
17.11.2026
834
03.11.2026
5018
21.10.2026
4898
28.10.2026
4848
22.10.2026
4820
12.11.2026
4658
13.11.2026
4389
04.11.2026
4317
14.11.2026
4011
12.11.2026
3761
28.10.2026
3634
06.11.2026
3222
17.11.2026
2487
22.10.2026
2325
11.11.2026
2309
12.11.2026
2225
