Жұпар Жақан
Жақан Жұпар Рысқұлқызы 1968 жылы, 18 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Үңірек ауылында туған.
1990 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік дипломмен бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушылығынан бастаған. Орта мектепте біраз жыл мұғалімдік қызметте болып, қазір тіл саласында қызмет атқарады. 2018 жылдан бастап Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі.
Әдебиетші-ғалым ретінде түрлі басылымдарда ғылыми мақалаларын жариялап отырады. Сондай-ақ «Фейсбук» әлеуметтік желісінде, БАҚ беттерінде тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы өткір мәселелерді көтеріп, үнемі жазып отырады.
Сонымен қоса соңғы уақытта әдеби шығармашылықпен айналысып, мысал әңгіме, ертегілерімен балалар әдебиетін дамытуға үлес қосып жүрген авторлардың бірі.
Көп оқылғандар
13.11.2026
4389
14.11.2026
4010
17.11.2026
2487
17.11.2026
2151
15.11.2026
2003
18.11.2026
1433
18.11.2026
1420
13.11.2026
1119
13.11.2026
1007
13.11.2026
976
18.11.2026
935
16.11.2026
869
18.11.2026
855
17.11.2026
834
03.11.2026
5018
21.10.2026
4898
28.10.2026
4848
22.10.2026
4820
12.11.2026
4658
13.11.2026
4389
04.11.2026
4317
14.11.2026
4010
12.11.2026
3761
28.10.2026
3634
06.11.2026
3222
17.11.2026
2487
22.10.2026
2325
11.11.2026
2309
12.11.2026
2225
