Бақыт Ихсанұлы
Бақыт Ихсанұлы (31 мамыр 1934, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Бозша ауылы – 31 тамыз 2016, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы) – педагог, журналист, ақын, шежіреші. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Тарбағатай ауданының құрметті азаматы», «Тыл және еңбек ардагері» төсбелгісінің, «Құрмет грамотасының» иегері.
Өмірбаяны
ШҚО, Зайсан қаласындағы педагогикалық училищені тәмамдаған (1954). Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. Аудандық атқару комитетінде нұсқаушы қызметін атқарған.
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін журналистика мамандығы бойынша тәмәмдаған (1964). Отыз жылдан астам уақыт бойы баспасөз саласында қызмет істеген. Облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар», 1965-85 жж.) газетінде Тарбағатай ауданы бойынша меншікті тілші болып қызмет атқарды. Аудандық «Ленин туы» (қазіргі «Тұғырлы Тарбағатай») газетінде редактордың орынбасары болды.
Балалар жазушысы ретінде де белгілі қаламгер. Өлеңдері «Қазақстан пионері» («Ұлан») газеті, «Жұлдыз», «Парасат», «Пионер» («Ақ желкен»), «Балдырған», «Ақ Ертіс» журналдарында жарияланған. Бастауыш сыныптың «Ана тілі» оқулығына өлеңдері енген. Жас күнінде айтыскер ақын ретінде де танылған. Өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарияланған. Көптеген антологиялық жинақтарға жырлары енген («Суырлының сұлу саздары», 2004; «Шығыс Қазақстанның шынайы шежіресі», 2011). Бірнеше ән өлеңдердің туындыгері.
Шығармалары
- «Сырымды айтам» (2000)
- «Жырла жүрек – сырласым» (2001)
- «Тамырым менің тереңде» (2004)
- «Ұйқым келмейді» (2005)
- «Қанатты жылдар» (2007)
- «Таңдамалы» (2009)
- «Балаларға базарлық» (2021)
«Сезім жырлары» (2024)
Көп оқылғандар
28.10.2026
1969
28.10.2026
1808
26.10.2026
1580
27.10.2026
955
27.10.2026
808
26.10.2026
802
28.10.2026
483
28.10.2026
483
29.10.2026
426
28.10.2026
405
24.10.2026
396
25.10.2026
393
28.10.2026
310
29.10.2026
288
21.10.2026
4387
22.10.2026
4241
20.10.2026
3379
07.10.2026
3297
15.10.2026
3214
20.10.2026
2931
09.10.2026
2882
16.10.2026
2577
09.10.2026
2293
05.10.2026
2293
30.09.2026
2176
08.10.2026
2134
15.10.2026
2126
28.10.2026
1969
