Мәрлен Ғилымхан
Мәрлен Ғилымхан – ақын, «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлығының иегері. Ол 1998 жылы 4 наурызда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті филология факультетінде білім алған. 2016 жылы республикалық «Мен жастарға сенемін!» мүшәйрасында жеңімпаз атанып, оқу грантын иеленген. Соның нәтижесінде 1 жыл Алматы қаласында орналасқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты.
2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы стратегиялық әріптестік аясында жүзеге асқан «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы бойынша «Төбелер стихиясы», 2025 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Үнсіздік айқайы» атты кітабы жарыққа шыққан.
Өлеңдері ұжымдық жинақтарда, республикалық әдеби басылымдарда жарияланған. Оған қоса бірқатар шетел қаламгерін қазақшалаған. «Жусан» психологиялық драмасының авторы. «Ұлы дала», «Семсер», «Тәуелсіздік толғауы» әдеби байқауларының жүлдегер-жеңімпазы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1969
28.10.2026
1805
26.10.2026
1580
27.10.2026
955
27.10.2026
808
26.10.2026
802
28.10.2026
483
28.10.2026
482
29.10.2026
426
28.10.2026
405
24.10.2026
396
25.10.2026
393
28.10.2026
310
29.10.2026
288
21.10.2026
4387
22.10.2026
4241
20.10.2026
3379
07.10.2026
3297
15.10.2026
3214
20.10.2026
2931
09.10.2026
2882
16.10.2026
2577
09.10.2026
2293
05.10.2026
2293
30.09.2026
2176
08.10.2026
2134
15.10.2026
2126
28.10.2026
1969
