Мұхарбек Жәкейұлы
Мұхарбек Жәкейұлы 1974 жылы 2 қазанда Торғай облысы Жангелдин ауданы Көкалат ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Албарбөгет орта мектебін бітірген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған.
1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарына мерзімді қызметін өтеген.
1998-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан сарбазы – Воин Казахстана» газетінде тілші, тілші-ұйымдастырушы, бөлім бастығы болып қызмет еткен.
Мұхарбек Жәкейұлы 2006-2007 жылдары АҚШ-та әскери журналистика мамандығы бойынша білім алды. Бірқатар Еуропа елдерінің әскери оқу орындарында тәжірибеден өткен.
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік тілді дамыту басқармасында аға офицер.
2008-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс және қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінде аға офицер, бөлім бастығы, басқарма бастығы болып қызмет атқарған.
2015-2017 жылдары Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары – басқарма бастығы лауазымын атқарды.
2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Медиа орталығында басқарма бастығы болды.
2018 жылғы шілде айында запасқа шығарылды. Әскери атағы – подполковник. 2022 жылғы 9 ақпаннан бері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Медиа-контент орталығы Редакциялық баспа жұмысы басқармасында аға офицер лауазымын уақытша атқарушы болып еңбек етіп келеді.
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
ҚР Ақпарат саласының үздігі.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және көптеген мерекелік медальдармен марапатталған.
Бірқатар ән мәтіндерінің авторы
«Алтын ұям – Албарбөгет» публицистикалық кітабы мен «Күзгі нота» жыр жинағының авторы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
