Нұрхожаев Нұрсұлтан
Нұрхожаев Нұрсұлтан Камалханұлы — 2005 жылдың 18 сәуірінде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Диқан-2 ауылында дүние есігін ашқан .
Қарапайым, еңбек отбасында тәрбиеленіп, бала жастан ата-ананың тәлімі мен үлкендердің өнегесін бойына сіңіріп өскен саналы азаматтың бірі .
Білім жолына тоқталатын болсақ, автордың алғашқы қадамы 2011 жылы туған ауылындағы Диқан тірек (ресурстық орталық) мектебінің табалдырығын аттаудан басталды. 11 жыл бойы үздіксіз ізденіс пен еңбектің нәтижесінде мектепті табысты аяқтаған . Осы алтын ұяда білім мен тәрбиені бойына қатар сіңіріп , 2022 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Гуманитарлық ғылымдар факультетіне, "Қазақ филологиясы" мамандығына оқуға түсті. Филолог, публицист , қаламгер.
Бала жүрегіне балауса кезден сіңген әдебиетке деген құштарлық пен сөз өнеріне деген шынайы сүйіспеншілігі автордың мектеп қабырғасындағы шағында-ақ айрықша жарқырап, жанының шамшырағына айналған. Әр шығармадан шабыт, әр сөзден серпін алып , бала кезінен ақ қолына қалап алып, ойын еркін жазып қалам мен қағазды серік етіп, балалық шағынан-ақ ой теңізіне еркін сүңгіп, руханият әлеміне нық қадам басты. Ұстаздарының қолдауымен ізденіс жолына түскен ол түрлі пәндік олимпиадалар мен шығармашылық байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бұл жеңістер — оның білім мен өнерге деген ынтасының, қажырлы еңбегінің айғағы еді.
Сол жылдары-ақ оның бойынан әдебиетке деген табиғи талант, ой тереңдігі, сөзге ұқыптылық пен жауапкершілік таныла бастады. Осы қасиеттер кәзіргі жоғары білімде оқып жатқан мамандығы Филология саласын таңдауға жетеледі.
Сөз өнеріне, әдебиетке, рухани құндылықтарға деген ерекше сүйіспеншілігімен көзге түсіп келе жатқан жас қаламгер — бүгінгі таңда талмай еңбектенудің нәтижесінде "Кеш Емес" атты алғашқы кітабын жазып көпшілік оқырман қауымға жолдап отыр . Кеш емес кітабы – қазіргі қазақ жастарының ішкі жан дүниесіндегі арман-мұратын, өмірлік бағыт-бағдарларын, өзін-өзі табуы мен рухани өсуі туралы жазылған мотивациялық, тағылымдық туынды. Автор қарапайым мысалдар арқылы жастарды жігерлендіріп, армандарына жетуге ынталандырады.
Бұл кітап – жастарға бағытталған үндеу, ой салатын сырласу, жігер сыйлайтын жолдас іспетті.
Автор — заманауи білім мен ұлттық тәрбиені ұштастыра білген, ел ертеңі үшін жауапкершілік жүгін арқалауға дайын, мақсаткер жас.
Автордың шығармашылық жолы мен жетістіктеріне тоқталар болсақ:
Автор өзінің шығармашылық жолында айрықша нәтижелерге қол жеткізген талантты жастардың бірі. 2022 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Тараз Халықаралық университетінің ұйымдастыруымен өткен Халықаралық деңгейдегі Жас Ғалымдар байқауында өз ойын ортаға салып алғырлығымен көзге түсіп екінші дәрежелі дипломмен марапатталған. Бұл жеңіс оның ғылым саласындағы талпынысы мен еңбегінің алғашқы үлкен қадамы болды.
2023 жылы Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “ Әділетті мемлекет , Біртұтас ұлт , Берекелі қоғам “ атты жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі және Білім өркениеті ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа Қазақстан: Жастар саясатының үздігі» атты байқауда бірінші дәрежелі жеңімпаз атанып, Үздік Көшбасшы төсбелгісіне ие болды. Бұл байқау қарапайым ауыл баласы үшін үлкен мақтаныш әрі өмірлік белес болды. Бұл жеңіс автордың қажырлы еңбегі мен талпынысының айқын дәлелі бола білді . Сонымен қатар, 2023 жылы ТМД елдері арасында ұйымдастырылған халықаралық үздік студенттер байқауында өзінің ерекше дарындылығын дәлелдеп, екінші дәрежелі диплом мен «ТМД-ның үздік студенті» төсбелгісін еншіледі.
Осылайша автор өзінің осы уақытқа дейінгі өмірлік жолын білім мен ғылым саласына арнап жүрген талантты жастардың бірі. Бұл жетістіктерден бөлек Облыстық газеттерде жастар мәселелері мен ұлттық құндылықтарға, қоғамдағы өзекті тақырыптар төңірегінде мақалаларын тұрақты түрде жариялап оқырманның көзайымына айналған. Және де осы уақытқа дейін ғылыми ізденістерінің нәтижесінде 10-нан астам жеке ғылыми зерттеу жұмысының авторы ретінде танылды.
Қоғамдық белсенділігіне тоқталатын болсақ:
Автор қазіргі уақытта «Аманат» саяси партиясының Жамбыл облысындағы мүшесі .
Бөлісу:
