Айдарбекова Ақгүл Айдарбекқызы
Айдарбекова Ақгүл Айдарбекқызы 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әдебиеттану мамандығы бойынша докторанты.
Өлеңдері «Жастық – жалын жыр» антологиясында, «100 ақын», «Жалын сөз» жыр жинақтарында жарияланған. Шығармалары «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Жұлдыздар отбасы» газеттері мен журналдарында тұрақты түрде жарияланып тұрады.
2019 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жыл ақыны» атанып, «Мен гүлден де нәзікпін...» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді.
2020 жылы «Желтоқсан боздақтары» республикалық мүшәйрасында ІІ орын иеленді. 2022 жылы Республикалық Таңжарық оқуларының Бас жүлдесін жеңіп алды. 2023 жылы республикалық «Ақберен» мүшәйрасының ІІ орын жүлдегері атанды.
2025 жылы өлеңдері өзбек тіліне аударылып, «Yuz shoir» антологиясында жарияланды. Сол жылы Қырғызстан қаламгерлерімен әдеби кездесулерге қатысып, Халықаралық ақындар PEN клубының мүшесі болды. Сонымен қатар «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Шығармашылықпен қатар қазіргі қазақ әдебиетін зерттеу, әдеби сын, көркем мәтінді интерпретациялау және әдеби үдерісті саралау бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Қазіргі таңда «Қазақ газеттері» ЖШС-да тілші қызметін атқарады.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
