Сүндет Сейітов
Сүндет Мұратбекұлы Сейітов 1998 жылғы 3 қазанда Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Шыназ ауданы, Көтерме ауылында дүниеге келген. 2007 жылы атамекені Қазақстанға қоныс аударып, бүгінде Шымкент қаласында тұрады. Орталық Азия инновациялық университетінде филология мамандығында білім алған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 2025 жылы Орталық Азиядан тұңғыш болып, Америка Авторлар гильдиясына қабылданды. Бұл ұйымның штаб-квартирасы Нью-Йорк қаласында орналасқан. Негізі 1912 жылы қаланған.
Сүндет Сейітов әдебиетте поэзия, проза және көркем аударма жанрларында жазады. Қазақ тілінде «Тәубе» (2017), «Мәрия» (2019), «Икигай» (2021) және «Ұмытпас» (2022) атты жыр жинақтары жарық көрген. Халықаралық кітап нарығында баспа ісін дамытудың нәтижесінде оның ағылшын тіліндегі туындылары «Drone Show» мен «Unforgotten» кітабы 2026 жылы АҚШ-тың 31 штаты мен Колумбия округіндегі 198 кітапхана жүйесінің (екі мыңнан астам филиал) және АҚШ пен Аустралия университеттерінің ресми қорларына енді. Сондай-ақ түрік тілінде «Unutmabeni» (2026) өлеңдер жинағы жарық көрді.
Аударма саласында көне шағатай тілінен Мухаммед Шайбани ханның ғазелдерін, Хафиз Хорезми мен Фуркаттың диуандарын қазақ тіліне тәржімалаған, сонымен бірге Кен Людвигтің «Примадонналар» (Leading Ladies) пьесасын қазақшаға аударған.
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының әдеби сыйлығының лауреаты (2017), Шымкент қаласы бойынша екі мәрте «Жыл ақыны» атағының иегері және бірқатар ұлттық пен халықаралық әдеби байқаулардың жеңімпазы.
Еңбек жолында республикалық «Қазығұрт» журналының тілшісі (2017–2018), Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының маманы (2018), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасының редакторы (2021–2023) және Шымкенттегі әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының редакторы (2021–2022) болып жұмыс істеген. 2024 жылдан бастап А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында қызмет етеді.
Отбасылық жағдайы: үйленген, жары — дәрігер-стоматолог Әйгерім Тұрар, Қасым есімді ұлы бар.
Көп оқылғандар
13.11.2026
4388
14.11.2026
4010
17.11.2026
2487
17.11.2026
2151
15.11.2026
2003
18.11.2026
1433
18.11.2026
1420
13.11.2026
1119
13.11.2026
1007
13.11.2026
976
18.11.2026
935
16.11.2026
869
18.11.2026
855
17.11.2026
834
03.11.2026
5018
21.10.2026
4898
28.10.2026
4848
22.10.2026
4820
12.11.2026
4658
13.11.2026
4388
04.11.2026
4317
14.11.2026
4010
12.11.2026
3761
28.10.2026
3634
06.11.2026
3222
17.11.2026
2487
22.10.2026
2325
11.11.2026
2309
12.11.2026
2225
