Джонатан Свифт – ағылшын-ирлан жазушысы, сықақшы, публицист, ақын және қоғам қайраткері. 1667 жылы 30 қарашада Ирландия астанасы – Дублинде дүниеге келген. «Гулливердің саяхаты» атты фантастикалық тетрологиялының авторы ретінде көпшілікке танымал. Дублинде өмір сүрген, Әулие Патрик соборында декан болып қызмет еткен. Өзі ағылшын тегінен шыққанымен, Свифт қарапайым ирландықтардың құқығын қорғаған.