Акутагава Рюноскэ
Акутагава новеллалары психологиялық иірімдерімен, адамның рухани әлеміне тереңдей үңілуімен ерекшеленеді. Адамның моралдық келбеті мен жан-дүние құбылыстары биік этикалық талаптар тұрғысынан бейнеленеді. Кейінгі әңгімелерінде де жазушы адамның әлеуметтік болмысына емес, ішкі дүниесіне назар салады. Сыртқы әлем шындығы кейіпкерлер психологиясы арқылы көрініс табады (“Маймыл”, “Мұғалім Мори”, “Мандариндер”, “Күз”, “Тастанды”, “Бақ”, “А-ба-ба-ба”, “Суық” тағы басқалар).
Акутагава жүз елуге тарта новелла, көптеген миниатюралар, лирикалық-философия жазбалар топтамасын (“Текадо”, “Түкке тұрмайтын адамның сөзі” тағы басқалар), бірнеше сценарий, өлеңдер, бірқатар әдеби-сын мақалалар жазып қалдырды. Акутагава жапон әдебиетінде новелланың үздік шебері саналады. Шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылған. Жапонияда жас жазушыларға Акутагава атындағы әдеби сыйлық тағайындалған. Қазақ тілінде “Мұғалім Мори” (1985, аударған Б. Қожабеков) деген атпен әңгімелер жинағы шықты.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
