Толымбек Әбдірайым
Толымбек ӘБДІРАЙЫМ (Толымбек Ыбырайым) 1955 жылы 12 қыркүйекте Абай (бұрынғы Семей) облысының, Аякөз қаласында туған. 1972 жылы № 2 қазақ орта (қазір Дулат Бабатайұлы атындағы) мектепті, 1991 жылы Қазақтың Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
1972 жылдан Аягөз автомобиль жөндеу зауытында жұмысшы, токарьдің шәкірті, токарь, Б.Майлин ауылдық кеңесінде хатшы, Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер болып істеген.
1976-1978 ж. Кеңес армиясы қатарында, Чита қаласында әскери борышын өтеген. 1978-1985 ж. Аякөз жұмысшыларды жабдықтау бөлімінде экспедитор; 1986-1989 ж. Талғар аудандық «Алатау жұлдызы» газетінде тілші; 1989-1990 ж. Алматы облыстық «Жетісу» газетінде аға тілші, жауапты хатшының орынбасары; 1990-1991 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде аға тілші; 1991-1992 ж. Солтүстік Қазақстан облыстық телевизиясында, Петропавл қаласында комментатор; 1992-1997 ж. Көкшетау облыстық телерадио компаниясында бас редактор, төрағаның орынбасары; 1997-2003 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінің Астанадағы меншікті тілшісі; 2003-2007 ж. «Қазақ газеттері» ЖАҚ- ның Астанадағы өкілі; 2007-2010 ж. ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігіне қарасты «Ұлан», «Балдырған», «Ақ желкен», «Дружные ребята» басылымдарын біріктірген мемлекеттік «Жас Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Астанадағы өкілі және «Қазақстан ZАМАN» халықаралық саяси қоғамдық газетінің тілшісі; 2010–2018. ж. «Қазақ газеттері» ЖАҚ-ның Астанадағы өкілі. 2018 жылдан «Астана ұстазы-Учитель Астаны» журналының бас редакторы.
Алғашқы әңгімелері мен очерктері 1970 жылдан бастап газет-журналдарда жарияланып келеді. 1988 жылы «Елегізу» атты әңгімесі жас жазушылардың «Арман қанатында» жинағына енген.
ҚР Мәдениет және Ақпарат министрінің Құрмет Грамотасымен (1998, 2011ж.) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ыбырай Алтынсарин медалімен (2008), ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» (2010), ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» (2014) белгісімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен (2010 ж), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК. ӘДЕБИЕТ. ҚАЛАМГЕР» атты Қазақстанның шығармашылық зиялы қауымының республикалық форумында «ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖАЗУШЫСЫ» номинациясы бойынша жеңімпаз дипломымен марапатталған (2016). Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданының құрметті азаматы (2015 ж). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (2020 ж). Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, үздік 30 кітап тізіміне балалар мен жасөспірімдерге арналған «Алабұға аулаған күн» жинағы енген. (2021 ж).
Т.Әбдірайым балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерінің, «Балдырған», «Ақ желкен», «Балабек» журналдарының тұрақты авторы. Аталмыш басылымдарда бүгінге дейін 100-ден астам әңгіме, ертегілері мен мысалдары жарық көрген. «Балдырған» журналының, «Қазақ балалар жазушылары» анталогиясына, «Өзін-өзі тану» оқулығының 1-ші сынып, «Ана тілі» пәнінің 2, 3, 4 сынып оқулықтарына әңгімелері мен ертегілері енген. «Балауса» балалар әдеби туындылары бәйгесінің 2015 жылғы бірінші орын иегері. «Балдырған» және «Балапан әлемі» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі.
Шығармалары: Еркешора. Әңгімелер, ертегілер және повесть. Алматы, «Балауса» баспасы, 1996 ж. Әуелеп ұшқан тырналар. Әңгімелер мен повесть, Алматы, «Балауса» баспасы, 2002 ж. Аюқұлақ. Әңгімелер, ертегілер және повесть, Алматы, «Арда» баспасы, 2006 ж. Меңдіқыз. Әңгімелер мен драмалық хикаят. Алматы, «РИИЦ АЗИЯ» баспасы, 2006 ж. Жалқаулыққа кім үйір?. Әңгімелер мен ертегілер. Алматы. «Баур» баспасы. 2008 ж. Алабұға аулаған күн. Повесть, әңгімелер мен ертегілер. Алматы «Балалар әдебиеті» баспасы. 2012 ж. Ағыл-тегіл. Деректі әңгімелер мен эсселер. Алматы. «Арда». 2014 ж. «Дала әуені». Әңгімелер, ертегілер мен мысалдар және повесть. Алматы. «Атамұра», 2015 ж. Летят журавли. Рассказы, сказки, басни, повести. Алматы, «Балалар әдебиеті», 2017 г. Тағдыр сыйы. Әңгімелер, повестер, эсселер. Алматы. «Дәуір», 2019 ж.
010010. Астана қаласы, Ошақты көшесі, 19 үй.
Тел: 8-701-345-79-38, 8 (7172) 53-78-63.
Элпошта: ustaz-astana@mail.ru
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды