Кеңшілік Мырзабеков
Кеңшілік Ағытайұлы Мырзабеков (06.06.1946, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Жәнібек Тархан ауылы – 30.01. 1989, Алматы) – ақын. ҚазМУ-дың журналистика факултетін бітірген (1976).
1966 – 89 жылы Қостанай облысы “Коммунизм таңы” (қазіргі “Қостанай таңы”), “Лениншіл Жас” (қазіргі “Жас Алаш”), Алматы облысы “Жетісу”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде, “Жазушы” баспасында, “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналында қызмет атқарды. Ақынның алғашқы жинағы “Іңкәр дүние” 1972 жылы баспадан шықты. Оның “Сәруар” (1980), “Революция перзенттері” (1980), “Қасиетті қас қағым” (1985), “Дәуір – дастан” (1988), “Ауыл мен астана” (1994) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Ақын өлеңдерінде туған жерге деген сүйіспеншілік пен өмірге іңкәрлік, лирика сан түрлі толғаныстар басым. “Балалық шақ балладалары” атты жыр жинағы зерттеушілер тарапынан жоғары бағаланды (1987). Ол Е.Евтушенконың “Менің шешем және нейтрон бомбасы”, “Фуку” атты поэмаларын қазақ тіліне аударды (1989). Сондай-ақ ақынның “Іңкәр дүние” (1990), “Бір мысқал” (1996), “Жолға салдым көшімді (2002), “Менің мұңым – махаббат” (2003) атты жыр жинақтары мен “Тың туралы толғау” (1987) секілді мақалалар, очерктер жинағы бар. Мырзабеков жайында “Қайран Кеңшілік!” атты естелік кітап жарыққа шықты (1996).
Көп оқылғандар
22.10.2026
4228
22.10.2026
1829
26.10.2026
1550
28.10.2026
1314
22.10.2026
1137
22.10.2026
852
27.10.2026
826
26.10.2026
758
27.10.2026
732
22.10.2026
691
22.10.2026
430
25.10.2026
383
21.10.2026
4376
22.10.2026
4228
20.10.2026
3368
07.10.2026
3276
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2280
05.10.2026
2275
30.09.2026
2168
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
