Серік Ақсұңқарұлы
Серік Ақсұңқарұлы 1950 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қызыларай» ұжымшарында дүниеге келген. Қарағанды педагогикалық институтында, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқыған. Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері», Қарқаралы аудандық «Коммунизм таңы» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы ҚарағандыЖезқазған облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. Қазір облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі. Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры.
Жас ақындардың «Көктем тынысы» («Жазушы», 1975), «Қарлығаш» («Жалын», 1981) жинақтарында бір топ өлеңдері жарық көрген. «ХХ ғасырдың жиырма сәті» поэмапанорамасы («Жалын», 1990), «Ғасыр кардиограммасы» («Жазушы», 1991) кітаптары, «АдамАта – Һауа Ана» («Қазақстан», 2000), «Өмір деген күнді айналу» («Жазушы», 2005), «Төбемнен жауһар жауып тұр» (2005), «Қыпшақ хиссасы» («Қазығұрт», 2008) атты өлеңпоэмалар жинағы жарық көрген. А.Пушкин, А.Ахматова, М.Цветаева, Е.Евтушенко, А.Вознесенский, Р.Рождественский, т.б. шетел ақындарын қазақшаға тәржімалады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Ақын 2020 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
