Қали Сәрсенбай
Қали Қошқарұлы Сәрсенбай - 1959 жылы 22-наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. 1976 жылы орта мектептi бiтiрiп, осы жылы ҚазҰУ-дiң журналистика факультетiне оқуға түсiп, оны 1981 жылы журналист мамандығы бойынша бiтiрiп шықты.
Еңбек жолын «Лениншiл жас» газетiнде (қазiргi «Жас Алаш») корректор болып бастап, осы басылымда 1987 жылға дейiн тiлшi, аға тiлшi болып iстедi. 1987-1988 жылға дейiн «Өркен – Горизонт» газетiнде жауапты хатшы, 1988 жылдан «Жетiсу» газетiнде жауапты хатшының орынбасары болды. 1990-1995 жылдар аралығында «Егемен Қазақстанда» тiлшi, аға тiлшi, бөлiм бастығы қызметiн атқарды. 1995-1997 жылдары «Парасат» журналы Бас редакторының орынбасары. 1997-2005 жылға дейiн «Жас Алаш» газетi Бас редакторының бiрiншi орынбасары болып еңбек еттi.
2005 жылдың 23-ақпанынан бастап «Алматы ақшамы» газетiнiң Бас редакторы.
2021 жылдың 1-ақпанынан бастап “Ана тілі” газетінің бас редакторы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президент сыйлығының лауреаты, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты, «Құрмет» (2006ж., 8 желтоқсан), «Парасат» (2018ж., желтоқсан) ордендерiнiң иегерi, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы XV және XVI съездерінің делегаты, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVIІ съезінің қатысушысы, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
«Өнер-өмiр», «Сендердi сағынғанда», «Тұлға-тағдыр», «Шал мен шындық», «Абыз-аңыз», «Шер-шындық» атты кiтаптардың авторы. Екi ұл, екi қызы бар. Жұбайы Таңсұлу Мирманова халықаралық «Түркiстан» газетiнде қызмет iстейдi.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
