Әуелбек Əнуарбек
ӘУЕЛБЕК ӘНУАРБЕК 1962 жылы 1қаңтарда Тәжікстан Республикасының Куляб облысы Пархар ауданында туған. 1969 – 79 жж. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Сунақата» совхозындағы № 194 қазақ орта мектебінде оқып, одан кейінгі еңбек жолын ауылда жұмысшы болып бастаған.
1986 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн бiтiрген. Республикалық «Лениншiл жас» («Жас Алаш»), «Қазақ әдебиетi», «Егемен Қазақстан», халықаралық «Түркiстан», «Дала мен Қала», «Әдебиет айдыны» газеттерi мен «Хабар» телеарнасында қызмет iстеген. «Алматы ақшамы» газетi бас редакторының бірінші орынбасары, 2003 – 05 жж. «Хабар» телеарнасынан берiлiп тұрған тарихи-танымдық 110 сериялы «Солай болған» бағдарламасының авторы.
Публицистикалық еңбектерi «Аралым – арым, Балқашым – бағым», «Саңлақтар», «Қызыл қырғын», «Қажымұқан қағанаты», «Азаттық аңсағандар», «Байырқұмның баласы», «Таңдаулы», «Сығанақ төсіндегі сазды әуендер» атты кітаптар мен басқа да жинақтарға енген. 1998 жылы жарыққа шыққан «Ақ жауынды шақ», 2009 жылы тасқа басылған «Жаныңмен жаз сырыңды» атты жыр кiтаптарының, сондай-ақ «Солай болған» (2012) және «Болашағына қол созған Қазақстан» (2012) атты публицистикалық кітаптардың авторы.
Өлең-жырлары 2015 жылы жарыққа шыққан 10 томдық «Қазақ поэзиясының антологиясына» енген. «Мәдениет қайраткерi», «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерінің «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары мен «Ы.Жақаев» медалінің иегері.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
