Данте Алигьери
Данте Алигьери (1265 - 1321 ж.ж.) - Қайта Өрлеу дәуіріндегі ұлы итальян ақыны. Итальян әдеби тілін қалыптастырушы "Комедия" шығармасының авторы. Дантенің ұлы шығармаларына тәнті болған халқы, ұрпағы кейіннен оны (XVI ғ.) "Құдіретті комедия" деп атады. "Құдіретті комедия" (1307 - 1321) кейіннен өлемге әйгілі шығарма болды. Данте бұл шығармасында орта ғасырға тән сюжетті алып, өзінің қуатты көркемдік қиялымен оқырманды тамұқтан, күнәдан тазаруына жол ашады және ұжмақтан өткізеді. Дантенің кейбір аңғал замандастары ол "о дүниеде болып келген-мыс" - деп ұққан. Дантенің "Құдіретті комедия" шығармасы "Тамұқ", "Күнәдан тазару", "Жұмақ" деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Тамұққа, терең жер астына, күнәһар адамзат өкілдері, кісі өлтіргендер, өзіне қол салғандар түседі де, мәңгілік рухани және дене азабын тартады. Күнәдан тазару жолына түскенде тауға шығып, күнәдан тазарған соң, жұмаққа кіреді. Күнәдан тазарып, жұмаққа барғанша көп азапты жолдардан өтеді. Ал жұмаққа кіргендер өмірін мәңгі-бақи рақатта өткізеді.
Көп оқылғандар
13.11.2026
4388
14.11.2026
4010
17.11.2026
2487
17.11.2026
2151
15.11.2026
2003
18.11.2026
1433
18.11.2026
1420
13.11.2026
1119
13.11.2026
1007
13.11.2026
976
18.11.2026
935
16.11.2026
869
18.11.2026
855
17.11.2026
834
03.11.2026
5018
21.10.2026
4898
28.10.2026
4848
22.10.2026
4820
12.11.2026
4658
13.11.2026
4388
04.11.2026
4317
14.11.2026
4010
12.11.2026
3761
28.10.2026
3634
06.11.2026
3222
17.11.2026
2487
22.10.2026
2325
11.11.2026
2309
12.11.2026
2225
