Сүлеймен Мәмет
Сүлеймен Мәмет – 1952 жылы 1 мамырда ҚХР Құлжа қаласында туған. 1976 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітіргеннен кейін Талдықорған облысы, Ескелді аудандық газетінде еңбек жолын бастаған. 1977-81 жж. Еңбекшіқазақ ауданындағы Сөгеті орта мектебінде мұғалім, 1981-94 жж. «Жалын», «Балауса» баспасында редактор, 1994-2019 жж. «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, шолушы қызметтерін атқарған.
Алғашында «Жыр – бесік» атты жинаққа топтама өлеңдері енсе, 1985 жылы «Ана суреті», 1995 жылы «Перзент парызы», 2001 жылы «Бейбаян тірлік», 2004 жылы «Ар алдында» повестер мен әңгімелер жинағы, 2008 жылы «Абай бол, қазақ», 2010 жылы «Уақыт үні», 2012 жылы «Көңіл көзі» секілді сыр-сұхбаттар, публицистикалық ой-толғамдар кітаптары шыққан. Шығармалары орыс, түрік, қытай, ұйғыр тілдеріне аударылған.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Нұр сұңқар» сыйлығмен, Елбасының Алғыс хатымен, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10, 20, 25 жыл», «Астананың 10, 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. «Мәдениет қайраткері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Қазақстанның Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Алматы облысы мен Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандарының Құрметті азаматы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2617
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2617
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
