Мәди Алжанбай
Мәди Алжанбай - 1976 жылы 6 наурызда Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген (2000). 2001 жылдан бастап «Үш Қиян» баспасында бас редактордың орынбасары, 2004 жылы тамыз-қараша айларында Республикалық «Жас Алаш» газетінде тілші, 2005-06 жж. «Қазақстан» ТРК, Қазақ радиосының жаңалықтар қызметінде аудармашы, 2006-07 жж. «31-канал» телеарнасының жаңалықтар қызметінде тілші, 2007-08 жж. «КТК» телеарнасында тілші, 2008-09 жж. «Үркер» журналында бас редактордың орынбасары, 2009-12 жж. «Қазақ әдебиеті» апталығында бөлім редакторы, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазір Алматы облыстық «Жетісу» газетінде заң және саясат бөлімінің меңгерушісі.
Аудармалары мен әңгімелері мерзімді баспасөзде 2000 жылдан бері жарияланып келеді. 2007 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында өткен Жас қаламгерлердің республикалық I форумында кітабы мемлекеттік тапсырысқа қабылданған. 2008 жылы «Жалын» баспасынан «Шие жапырағы және сыбызғы» атты жинағы шықты. 2009 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен жарық көрген «Қарақат тере барғанда» атты әңгімелер жинағына екі әңгімесі кірген. 2012 жылы «Жалын» баспасынан «Автобустағы әңгіме», 2014 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Сөздік-Словарь» баспасынан «Қолтаңба» атты кітаптары, Алматы облысы әкімінің қолдауымен 2017 жылы «Құлажирен» атты кітабы жарық көрді.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1571
28.10.2026
1541
28.10.2026
888
27.10.2026
868
26.10.2026
772
27.10.2026
758
28.10.2026
428
24.10.2026
390
25.10.2026
385
28.10.2026
366
28.10.2026
299
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
215
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3211
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2284
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2117
14.10.2026
1873
