Қалижан Бекхожин
Қалижан Бекхожин - 1913 жылы 15 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл өлкесінде әулиелі Қызыл тауда дүниеге келген (азан шақырып қойған шын аты Қали–Мұхаммед). Әкесі мәшһүр Нұрғожа Троицк қаласындағы Зейнолла ишанның медресесін үздік бітірген. Мәшһүр Жүсіппен, Ақан серімен, Исамен айтысқан, кейбір болыстарды шенеп сын айтқан ақын болған адам. 1932 жылы Сәкен Сейфуллин Ақан серінің өлеңдерін шығарған. Сол жинақта Ақан сері мен Сүйіндік Нұрғожаның айтысы келтірілген. Бала кезінде жалдамалы молдадан арабша хат таныған Қалижан бала кезінде қиссажырларды көп оқып, әдебиетке ерте құмартады. 1924 жылы дін оқуынан кеңес мектебіне ауысқан. 1929 жылы комсомол қатарына өтеді. 1930 жылдың басында Ертіс бойындағы Ақсу ауылында мұғалім болып істеген. 1932 жылы 19 жасында аудандық «Колхоз» газетінде 8 наурыз – әйелдер күніне арналған тырнақалды өлеңі басылып шықты. Содан кейін осы газеттің жауапты хатшысы қызметіне жұмысқа шақырылады. 1934 жылы мамыр айында Алматыға Қазақстан жазушыларының І съезіне Павлодардан делегат болған. 1934 жылы ҚазПИге оқуға түседі. 1938 жылы 4курста жүріп Қазақстан Орталық Комитетінің Комсомол баспасында бас редактор, кейіннен директор болып қызмет атқарған. 68–10 сыныптар оқулықтарының авторы болған. Ағылшынның атақты ақыны Байронның «Чайльд Гарольд» поэмасының бірнеше тарауларын аударып, ол қазақ әдебиетінің 8 сыныбына арналған хрестоматияда (1937) жарияланады. 1938–1939 жж. «Партизан Балтабай» (»Кек»), «Орман қызы», «Ақсақ құлан» атты үш дастан жазған. «Орман қызы» Қазақстан Орталық комсомол комитеті жариялаған бәйгеде жүлде алған. 1939 жылы аты шулы Кенесары, Наурызбайды мадақтайтын «Батыр Науан» атты поэма жазған, кейін 1950 жылдары осы поэмасы үшін қуғын көрген, кітаптарын шығаруға тыйым салынған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан оралысымен, әуелі Тіл әдебиет институтында, кейін Жазушылар одағында поэзия бөлімін басқарған. 1959 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыста болған. «Шеру» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1944 жылы, ал «Көктем» атты екінші өлеңдер жинағы 1948 жылы жарық көрді. 1949 жылы «Советский писатель» баспасынан «Под звездами Москвы» атты өлеңдер жинағы шықты. Қырықтан астам өлеңдер мен поэмалар жинақтары шыққан: Алты асқар. Таңдамалы поэмалар мен өлеңдер, екі томдығы (1973, «Жазушы»), Үш томдық шығармалар жинағы (1983, «Жазушы»), Мариям Жагор қызы (1950, «Көркем әдебиет»), Ақан Ақтаев (1957, «Көркем әдебиет»), Жеті дастан (1966, «Жазушы»), Дала комиссары (1960, «Жазушы»), Бақытстан – байтағым (1968, «Жазушы»), Мамырстан (1970, «Жазушы»), Аппақ намә (1974, «Жазушы»), Ұландарым (1979, «Жалын»), Кешкі жаңғырық (1987, «Жалын»), Мария дочь Егора (1956, «Советский писатель»), Избранное. Стихотворения и поэмы (1980, «Художественная литература»), С поэзией иду (1974, «Советский писатель»), Вершины (1976, «Жазушы»), Степной комиссар (1968, «Жазушы»), т.б.Сын еңбектері: «Дәстүр және жаңашылдық» (1969), «Өлең өткелдері» (1986, «Жазушы»). 40қа тарта поэма жазған: «Мариям Жагор қызы», «Ақан Ақтаев», «Тұрлаулы тағдыр», «Дала комиссары», «Ақсақ құлан», «Сұңқар туралы аңыз», «Кремль сақшысы», «Мамырстан», «Әппақнаме», «Сері күйші», т.б. Драматургия саласындағы туындылары: «Егер жүрек шын берілсе» (1962) Қазақтың жастар мен балалар театрында, «Ұлан асу» («Ақтабан шұбырынды», 1970) Қазақтың М.Әуезов атындағы драма театры мен Шымкент облыстық драма театрында, «Нөсерден кейін», «Гималай сарыны» облыстық театрларда қойылды. Пушкин, Лермонтов, Гете, Байрон, Некрасов, Горький, Науаи, Назым Хикмет, Якуб Колас, Микола Бажан, Маяковский, Симонов, Вургун, Ғұламның және Қырғыз эпосы Манастың бірнеше тарауларын т.б. еңбектерін қазақ тіліне аударды. Қытай, араб, Куба, Индия ақындарының бірқатар жырларын аударған. Шығармалары орыс, украин, армян, әзербайжан, татар, өзбек, тәжік, түркімен, қырғыз, венгр, т.б. тілдерге аударылды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), Халық жазушысы (1986), екі рет Еңбек Қызыл Ту (1959, 1973), Халықтар Достығы, ІІдәрежелі Отан соғысы ордендерімен (1983), Қазақ КСРнің Құрмет Грамотасымен және көптеген медальдармен марапатталған. Павлодар қаласының Құрметті азаматы. Жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Алматы, Павлодар қалаларының бір көшесі және Павлодар қаласындағы №12 мектеп ақынның есімімен аталады. 2002, 2007 жылдары «Батыр Науан», 2004 жылы «Өлеңім – өмірім» (Қ.Бекхожин жайлы естеліктер), 2005 жылы «Алты асқар» кітаптары жарық көрді.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды