Несіпбек Дәутайұлы
Несіпбек Дәутайұлы (1947-2021) 30 желтоқсанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Киров атындағы ұжымшарда (қазіргі Кенен ауылы) туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1972-80 жж. аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық бөлімшесінің директоры, «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы болды.
«Ақ көгершін», «Алма ағашының бұтағы», «Әнім сен едің» атты повестердің, «Құдірет пен Қасірет» романының авторы. «Көгілдір көйлекті келіншек», «Ойынды еті он бөлек» кітаптары, «Ан Арыс» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен екі томдық таңдамалысы жарық көрді (2008 – 2009).
Таңдаулы көркем шығармаларға арналған республикалық жабық бәйгелердің жүлдегері, Ғ.Мұстафиннің 100 жылдығына байланысты үздік әңгімелерге арналған әдеби бәйгенің бас жеңімпазы. ҚР Ұлттық кітапханасы өткізген «Ең үздік роман» байқауында «Құдірет пен қасірет» романы жүлдеге ие болған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының,
«Қазақ әдебиеті» газетінің проза жанры бойынша сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және Астананың 10 жылдығына арналған медальдармен марапатталған. Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің бас жеңімпазы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
