Рафаэль Ниязбек
Рафаэль Ниязбеков (1943-2021) - 24 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданы Амангелді (қазіргі Тамабек) ауылында туған.
«Келер күндер», «Қаратау мен Алатау», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Темірқазық», «Биіктей бер, тауларым!», «Бәйтеректер жел өтінде тұрады», «Тыңда мені, замана!», «Шешендер», «Ичкерия» (орыс тілінде), «Жетіген», «Қан қасап», «Қыдыр ғұмыр», «Нұрлы таң», «Тамұқ отына жанбаған», «Жүрегімде – ғасырлардың салмағы», «Махамбет майданы», «Айбозым менің», «Жібек жолы», «Қағанат», «Гүлжан», «Шығармалар жинағы» (бір томдығы), «Күркіреп өткен күндерім», «Туған елдің аспаны», «Құлагердің құлыны», «Кемеңгер», «Аттан түспеген азамат», «Армысың, ару дүние!», «Біз осындай елміз» (түрік тілінде) жыр кітаптары, «Қызыл үй», «Тас құдай», «Тауқымет» романдары және «Отағасы», «Қызғыш кұс», «Қаңтар», «Хозяин очага» (орыс тілінде) повестері, «ҚазАқпарат» баспасынан шығармалар жинағының 9 томдығы, барлығы 51 кітабы жарық көрген. Дінмүхамед Ахметұлы Қонаев хақында өлең-роман жазған.
Шығармалары орыс, украин, чешен, түрік тілдеріне аударылған.
М.Румянцеваның, А.Чепуровтың, Қ.Құлиевтың, Д.Кугильтиновтың, К.Туйорскийдің және басқа да ақындардың өлеңдерін тәржімалаған.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Д.А.Қонаев атындағы университеттің Құрметті профессоры. Д.Қонаев орденінің иегері.Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
«Шешендер» жинағы үшін авторға Чешен Республикасының ең жоғары Мемлекеттік «Ұлт намысы» ордені беріліп, Чешенстан Мемлекеттік сыйлығы қоса тапсырылған. Чешен- станның халық батыры.
Ресей Жазушылар одағының Сергей Есенин алтын медалімен марапатталған. «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлықтың және Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалінің иегері, бірнеше жыр мүшәйраларының бас жүлдегері болған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
