Қ.А. Бөкетов
БӨКЕТОВ Ебіней Арыстанұлы (1925-1983) қазақтан шыққан химик-металлург, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Жазушылар одағының мүшесі Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка ауданында (қазіргі Шалақын ауданы) туған. Қазақ металлургиялық институтын (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Е.Бөкетов химия саласына жаңа леп қосқан - халькогендер мен халькогенидтер технологиясының негізін қалаған. Мыс құрамынан теллур мен селен сияқты зиянды қалдықтарды тазартудың гидрохимиялық жолын тапқан. Ғылым мен мәдениет саласындағы 50-ден астам еңбектің авторы. Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болып, осы оқу орнына дарынды ғалымдарды топтастыруға көп еңбек сіңірді. Классикалық әдеби шығармаларды да тәржімалаумен айналысқан. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. 1992 жылы академик Е.Бөкетов есімі Қарағанды мемлекеттік университетіне тағайындалды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
