Нұрғали Ораз
Нұрғали Ораз - 1960 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Монтайтас ауылында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1982 жылы бітірген. Содан бері қазақ баспасөзінде жұмыс істеп келеді. Республикалық «Жалын» баспасында жетекші редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, «Парасат» журналында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде бас редактор, «Сақшы» газетінде бөлім меңгерушісі, «Ақ желкен» журналында бас редактор, «Жас қазақ» газетінде бас редактордың орынбасары, «Алматы ақшамы» газетінде шолушы болып қызмет етті. Қазір республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы қаласындағы тілшілер қосынының меңгерушісі.
«Соқпақ жол», «Бақыршаның балалары», «Қазығұрт оқиғалары», «Даладан қалаға келгендер», «Биіктегі сұлулық», «Түнгі жалғыздық», «Сиырлы көл» атты т.б. кітаптары жарық көрді. 2002 жылы «Аяқталмаған ертегі» атты кітабына Халықаралық «Алаш» сыйлығы, 2015 жылы «Менің де өмірім бір қызық кітап» атты хикаятына халықаралық М.Қашқари атындағы сыйлық берілді.
2007 жылы ҚР Президентінің Мақтау грамотасымен, Ы.Алтынсарин медалімен марапатталды. Түрік әдебиетінің классигі Х.Танердің әңгімелерін үздік тәржімалағаны үшін Түрік мемлекетінің Х.Танер атындағы медалін алды. 2010 жылы Тәуелсіздік толғауы байқауында «Адасқан жұлдыз» атты пьесасы жүлделі орынға ие болды.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4228
22.10.2026
1829
26.10.2026
1550
28.10.2026
1331
22.10.2026
1138
22.10.2026
853
27.10.2026
829
26.10.2026
759
27.10.2026
732
22.10.2026
692
22.10.2026
430
28.10.2026
421
28.10.2026
386
21.10.2026
4376
22.10.2026
4228
20.10.2026
3369
07.10.2026
3276
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2280
05.10.2026
2277
30.09.2026
2168
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
