Ибрагим Исаев
Ибрагим Исаев (1949 – 2014) 7 қаңтарда Қызылорда облысы Сырдария ауданының Жетікөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық творчествосы үйінде нұсқаушы-әдіскер, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілші-әдіскер, «Ара» журналында фельетоншы, «Жалын» альманахында редактор, «Сахна-сцена» журналында бас редактор, «Сақшы – На страже» газетінде, «Арай» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.
Өлеңдері бірқатар шет ел тілдеріне аударылған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Ән-аға» атты ән альбомы шыққан.
Коми ақыны И.Куратов, орыс ақыны Н.Рубцов өлеңдерін қазақша сөйлеткен.
«Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.
Шығармалары: Алтын сырға. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Таң алдындағы ән. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1976; Тербеледі қайыңдар. Өлеңдер мен баллада. А., «Жалын», 1981; Жанымның жарығы. Өлеңдер мен баллада. А., «Жазушы», 1983.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4222
22.10.2026
1826
26.10.2026
1523
22.10.2026
1126
28.10.2026
1028
22.10.2026
848
27.10.2026
784
26.10.2026
750
27.10.2026
718
22.10.2026
689
22.10.2026
427
25.10.2026
382
21.10.2026
4371
22.10.2026
4222
20.10.2026
3365
07.10.2026
3273
15.10.2026
3207
20.10.2026
2910
09.10.2026
2860
29.09.2026
2815
16.10.2026
2569
09.10.2026
2277
05.10.2026
2270
30.09.2026
2167
08.10.2026
2126
15.10.2026
2111
