Оразбек Сәрсенбай
Оразбек Сәрсенбай (1938 – 2015) 20 тамызда Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Жаңа тұрмыс» ауылында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіргеннен кейін, Шиелідегі орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, республикалық жастар газеті «Лениншіл жаста» әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында (1968 – 73), «Қазақ әдебиеті» газетінде (1974 – 82) бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында (1982 – 86) әдеби кеңесші, 1987 – 93 жж. «Жазушы» баспасының бас редакторы, «Өнер» баспасының директоры (1993 – 95) болған. 1996 жылдан өмірінің соңына дейін «Қайнар» баспасының директоры болды.
Алпысыншы жылдардың басында баспасөз беттерінде алғашқы өлеңдері мен әңгімелері жарияланған. Кезінде «Лениншіл жас» газетінде басылған «1961 жыл» атты публицистикалық дастаны әдеби, саяси ортада үлкен дау-дамай туғызып, әділетсіз сынға ұшырайды. Осы уақытқа дейін 20-ға жуық кітабы шыққан. Әр жылдарда В.Короленко, В.Иванов, Ф.Абрамов, Ф.Искандер, т.б. өзге ұлт жазушыларының таңдаулы әңгімелерін қазақша сөйлеткен.
«Құран Кәрім», «Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері», Қасиетті дұғалар», «Адал мен арам», «Мұсылмандық әдеп сабағы», «Мұхтасар», т.б. ондаған кітаптарды қазақшаға аудару ісіне араласқан.
Қаламынан туған әңгімелер негізінде «Долана» атты («Қазақфильм», 1981, режиссері С.Нарымбетов) көркемсуретті фильм түсірілген. Жекелеген шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылған. «Уәде» атты повестер мен әңгімелер жинағына Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығы (1987), ал «Шамшырақ» романы үшін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы (1994), «Шеңбер» романы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4222
22.10.2026
1826
26.10.2026
1523
22.10.2026
1126
28.10.2026
1028
22.10.2026
848
27.10.2026
784
26.10.2026
750
27.10.2026
718
22.10.2026
689
22.10.2026
427
25.10.2026
382
21.10.2026
4371
22.10.2026
4222
20.10.2026
3365
07.10.2026
3273
15.10.2026
3207
20.10.2026
2910
09.10.2026
2860
29.09.2026
2815
16.10.2026
2569
09.10.2026
2277
05.10.2026
2270
30.09.2026
2167
08.10.2026
2126
15.10.2026
2111
