Мақпал Мыса
Мақпал Мыса, 1983 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдері облыстық «Толғауы тоқсан туған тіл», «Поэзия, менімен егіз бе едің?», республикалық «Өмір өрнектері», «Жас толқын» жинақтарына енген. «Алақандағы бақыт» жыр жинағының авторы. Облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Республикалық Абай оқуларының, 2011 жылы Ақсу ауданының 80 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның бірінші орын иегері. Қобызшы Молықбай атындағы сыйлықтың лауреаты, М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпазы.
Ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына орай Павлодар қаласында өткен жас қаламгерлер фестивалiнде Майра Уәлиқызы атындағы сыйлықтың иегері атанды. «Жалын» баспасынан шыққан «Мен керекпiн» атты жыр жинағы оқырманға жол тартты.
2017 жылы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Фонды мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының бірлесіп жасаған "Алтын тобылғы" республикалық әдеби байқауында 1-орынды жеңіп алды. Бас жүлде ретінде "Туған ел" номинациясында "Шоған Абыз" поэмасы үшін 1,5 миллион теңгеге сертификаттың табысталуы болды.
2018 жылы білікті аударма үшін Ресей Жазушылар одағының шешімімен Керим Срамурзаевич Отаров есімімен алтын медалінің иегері атанды.
2019 жылы 15 мамырдан бастап "Алматы телеарнасында" эфирге шығатын "Сәуле ғұмыр" әдеби-танымдық бағдарламаны жүргізді.
Бүгінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
