Әбубәкір Қайран
Әбубәкір Қайран - 1958 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы (бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы) Ақсуат ауылындағы дүниеге келген. 1981 жылы Семей педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін үздік бітіріп, Алматы облысының Күрті ауданында екі жыл мұғалім болған. 1983—1985 жылдары республикалық «Балдырған» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, бұдан кейінгі уақыттарда «Жалын» баспасында редактор, «Қазақстан мектебі» журналында бөлім меңгерушісі және «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, халықаралық «Дала» журналында бас редактордың орынбасары, «Қазақ тарихы» журналында Бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір ғылыми-педагогикалық «География және табиғат» журналының бас редакторы.
1980 жылы «Бастау» сериясымен тұңғыш кітабы жарық көрді. «Ақ сәуле», «Мазасыз әлем» және балаларға арналған ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Кейінгі жылдары «Маңдайдағы жазулар» (2003), «Атбегінің әліппесі» (2005), «Мен ғашықпын ғаламға» (2008) жыр жинақтары оқырмандар қолына тиді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауретаы (2005). Бірнеше халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері
Көп оқылғандар
22.10.2026
4222
22.10.2026
1826
26.10.2026
1523
22.10.2026
1126
28.10.2026
1028
22.10.2026
848
27.10.2026
784
26.10.2026
750
27.10.2026
718
22.10.2026
689
22.10.2026
427
25.10.2026
382
21.10.2026
4371
22.10.2026
4222
20.10.2026
3365
07.10.2026
3273
15.10.2026
3207
20.10.2026
2910
09.10.2026
2860
29.09.2026
2815
16.10.2026
2569
09.10.2026
2277
05.10.2026
2270
30.09.2026
2167
08.10.2026
2126
15.10.2026
2111
