Әди Шәріпов
Әди Шәріпов (1912-1993)
1912 жылдың 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының Мариновка селосында дүниеге келген. 1932–1935 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқып, 1935–1936 жж. Түрікмен КСР-індегі Красноводск педагогикалық техникумында оқу меңгерушісі болған. 1936–1938 жж. ҚазПИ-дің тіл-әдебиет факультетіндегі оқуын жалғастырған. Институтты бітірген соң Алматы облысының «Қаскелең» орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Кеңес Армиясының қатарында болған. Беларусь жеріндегі, Смоленск, Орлов облыстарындағы партизан отрядтарының құрамында болды. 1943 жылдың желтоқсанынан 1944 жылдың мамырына дейін партизан қозғалысының Смоленск штабында жұмыс істеді.
Соғыстан кейінгі уақытта Қазақ КСР Оқу министрінің орынбасары, Қазақ КСР Оқу министрі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Сыртқы істер министрі, 1966–1971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы және КСРО Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған. Филология ғылымдарының докторы.
«Партизан қызы», «Ормандағы от», «Тон», «Қапастағы жұлдыздар» атты шығармалардың, «Сахара қызы», «Дос сыры» романдарының авторы. «Орман хикаясы» атты киносценарийі бойынша түсірілген көркемсуретті фильм Ташкент қаласында өткен Азия мен Африка елдерінің кинофестивалі мен Алматыда өткен Кеңестер Одағының кинофестивалінде КСРО Қорғаныс министрінің арнаулы жүлдесіне ие болды.
«Ж.Саиннің өмірі мен творчествосы» (1964), «Қазіргі дәуір және қазақ әдебиеті дамуының проблемалары» (1974), «Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық» (1984), «Сырбай Мәуленов творчествосы» (1985) атты монографиялардың, әдебиеттану мен педагогика салаларына қатысты көптеген мақалалардың авторы.
Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, КСРО медальдарымен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» деген құрметті атақ берілген.
Шығармалары:
Әди Шәріпов Ә. Жұмағали Саинның өмірі мен творчествосы [Мәтін] / Шәріпов Ә. - Алматы : Оқу-Педагогика, 1964. - 200 б.
Шәріпов Ә. Партизан қызы; Ормандағы от; Тон [Мәтін] : Повесть / Шәріпов Ә. - Алматы : Жазушы, 1968. - 439 б.
Шәріпов, Әди. Сырбай Мәуленов творчествосы [Мәтін] / Шәріпов Ә. - Алматы : Қазақ ССР Ғылым баспасы, 1985. - 240 б. (Введено оглавление)
Шәріпов, Әди. Жақсылыққа жаралған жүрек [Мәтін] : естеліктер, арнау өлеңдер, хаттар мен құжаттар / Ә. Шәріпов. - Алматы : Орхон, 2010. - 408 б.
Шәріпов, Әди. Алыс жағалаулар [Мәтін] : жол жазбалар / Ә. Шәріпов. - Алматы : Жазушы, 1970. - 224 Б.
Шәріпов, Әди. Сахара қызы [Мәтін] : роман / Ә. Шәріпов. - Алматы : Жазушы, 1979. - 426 Б.
Шәріпов Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар [Мәтін]. Т. 2 : Таңдамалы : жол хикаясы және повестер. - Алматы : Жазушы, 1982. - 496 б (Введено оглавление)
Шәріпов Ә. Екі томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 1 : Повестер / ред. К. Құныпияұлы. - Алматы : Ан Арыс, 2012. - 560 б.
Шәріпов, Әди. Арбасу [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлер ерлігіне арналған повестер мен әңгімелер] / Ә. Шәріпов. - Алматы : Жазушы, 1988. - 320 б. с.
Шәріпов Әди туралы:
Зүкенов , Мәуітқазы. Айналайын, ауылым [Мәтін] : [Жинаққа Жарма ауданында болған елеулі оқиғалар мен Отан үшін от кешкен жауынгерлер және еңбек адамдары туралы материалдар енгізілген. ] / М. Зүкенов . - Семей : [б. ж.], 2005. - 384 б. с.
Қирабаев С. Өмір тағылымдары [Мәтін] : естеліктер / Қирабаев С. - Алматы : Білім, 2006. - 480 б.
Майтанов Б.Қ. Сөз сыны (ХХ ғасыр әдебиетінің көріністері) [Мәтін] : Зерттеулер, мақалалар, портреттер / Майтанов Б.Қ. - Алматы : Ғылым, 2002. - 344 б.
Рәш М. Мен айтпай, сірә кім айтар... [Мәтін] / Рәш М. - Астана : Елорда, 2005. - 248 б.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б.
Сланов Ғ. Замана шежіресі [Мәтін] : Жазушы жазбалары / Сланов Ғ. - Алматы : Қазақстан, 1970. - 296 б.
Тарихи тұлғалар [Мәтін] : танымдық-көпшілік басылым : мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. - Алматы : Алматыкітап, 2011. - 376 б.
Шәріпов, Әди. Жақсылыққа жаралған жүрек [Мәтін] : естеліктер, арнау өлеңдер, хаттар мен құжаттар / Ә. Шәріпов. - Алматы : Орхон, 2010. - 408 б.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды