Мәмесейіт Тұрлыбек
Тұрлыбек Мәмесейіт - 1949 жылы 17 ақпанда Хантәңірі қойнауындагы (Алматы облысы, Нарынқол ауданы) Текес өңірінде дүниеге келген. 1975 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. «Жетісу»газетінде, 1977—1995 жж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі болып істеді. 1996—1998 жж. «Өнер» баспасында бас редактор, 1998—1999 жж. «Рауан» баспасында жетекші редактор болып қызмет атқарды. 1999 — 2001 жж. «Атамұра» корпорациясында редактор, 2001 — 2008 жж. Астанадағы «Елорда» баспасында Бас редактор болып қызмет істеген. 2008 жылдан Астана-Полиграфия АҚ Баспа басқармасының Бас редакторы.
«Тоғысқан толқын», «Зерделілік айнасы», «Дидар» атты әдеби сын, «Беторамал», «Түсіме тау кіре ді», «Бесік пен несіп», «Плач охотника», «Әулие-шоқы», «Тектіні кегі», «Тау», «Қарқара көтерілісі», «Жасын түскен маусым» атты әңгімелер, хикаяттар мен повестер жинағының, «Таңжарық» романының авторы. Кейбір шығармалары қырғыз, түрікмен, орыс, қытай тілдеріне аударылды. «Тауда өскен ұл» повесі баспа комитеті мен «Жалын» баспасының жабық бәйгесінде сыйлыққа ие болған. «Егіз елдің әуейі», «Шерхан Мүртаза» атты зерттеу еңбектерінің авторы. Филология ғылымдарының кандидаты. Соңғы жылдары М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрында «Бәкей қыз» атты драмасы сахналанды. 1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығына орай Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болса, 2000 жылы «Әулиешоқы» атты повестер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4229
22.10.2026
1830
26.10.2026
1554
28.10.2026
1369
22.10.2026
1138
22.10.2026
853
27.10.2026
835
26.10.2026
760
27.10.2026
735
22.10.2026
692
28.10.2026
522
22.10.2026
431
28.10.2026
397
21.10.2026
4376
22.10.2026
4229
20.10.2026
3369
07.10.2026
3278
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2282
05.10.2026
2279
30.09.2026
2169
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
