Әкімқұлов Еркінбай
Әкімқұлов Еркінбай (1937-2019)
1937 жылы 4 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында туған. 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген соң, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінде нұсқаушы, «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, Қазақ радиосында аға редактор, «Жалын» баспасы бас редакторының орынбасары, «Рауан» баспасында редакция меңгерушісі, редактор, «Кітап жаршысы» («Друг читателя») басылымында Бас редактор болып істеген. Поляк жазушысы Януш Корчактың «Қайта оралған балалық» повесін, татар жазушысы Р.Мұстафиннің «Кішкентай Мұса» повесін қазақшаға аударған. 1983–1989 жж. «Ты – мой светлый мир», «Дневник девушки» деген атпен екі кітабы орыс тілінде жарық көрген. Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы.
Шығармалары: Қарақозы Әбдәлиев. Очерк. А., «Жазушы», 1969; Қазақтың жас ақындарының творчествосы. Әдебисын мақалалары. А., «Жазушы», 1972; Даңқым – дәуірім. Очерктер. А., «Қазақстан», 1974; Қош бол, альбом. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1976; Перизат сезім. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Жанарым – жарық дүнием (орыс тілінде). А., «Жалын», 1983; Қыз күнделігі. Повестер. А., «Жазушы», 1985; Жанарым – жарық дүнием. Таңдамалы. А., 1990; «Жанарым – жарық дүнием» (орыс тілінде). Повестер. А., «Арқас», 2001; Таңдамалы шығармалары, 2 томдық. А., «Арқас» 2003; Өзбекәлі Жәнібеков. Ғұмырнамалық деректі хикаят. А., «Қазақстан», 2006.
Қайнар көз: http://writers.kz
Көп оқылғандар
22.10.2026
4227
22.10.2026
1829
26.10.2026
1548
28.10.2026
1261
22.10.2026
1132
22.10.2026
851
27.10.2026
815
26.10.2026
758
27.10.2026
728
22.10.2026
691
22.10.2026
429
25.10.2026
383
21.10.2026
4373
22.10.2026
4227
20.10.2026
3368
07.10.2026
3276
15.10.2026
3208
20.10.2026
2913
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2279
05.10.2026
2273
30.09.2026
2168
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
