Әділ Құрманжанұлы Ахметов (23.5.1941 жылы туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы) – филология ғылыми доктор (1995), профессор (1997) Алматы шет тілдері институтының (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) ағылшын тілі факультетін бітірген (1963) соң осы институтта оқытушы, аға оқытушы, декан, проректор,[1] ректор (1963–97) қызметтерін атқарды. «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер (салыстырмалы этно-лингвистикалық зерделеу)» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. Әділ ұйымдастырушылық қызметімен танылып, кейін әр түрлі мемлекеттік қызметтерде (1997–2000) болды. 2001 жылы Қазақстан-Британия техника университінің ректоры. 2007 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты. [2] Қазақ, орысжәне ағылшын тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2001 жылдан). 1963 жылдан - Алматы шет тілдері педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, декан, оқу ісі жөніндегі проректоры. 1990 жылдан -Алматы қалалық атқару комитетінің сыртқы байланыстар бөлімінің жетекші маманы, Алматы қаласындағы Тусон қаласындағы өкілі (Аризона штаты, АҚШ), 1992 жылдан -Алматы шет тілдері педагогикалық институтының ректоры (1993 жылдық маусым айынан - Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің). 1997 жылдан - ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министерлігінің Білім беру комитетінің төрағасы. 1999 жылдың ақпан айынан - Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетінің ректоры. 1999 жылдың қазан айынан - ҚР сыртқы істер бірінші вице-министрі. 2000 жылдан - ҚР-ның Бірлескен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы тетенше және өкілетті елшісі, 2001 жылдың наурыз айынан - ҚР-ның Ирландия Республикасындағы, Норвегия Корольдігі мен Швеция Корольдігіндегі бірлескен төтенше және өкілетті елшісі. 2001 жылдың желтоқсан айынан - Қазақ-Британ техникалық университетінің бірінші ректоры, халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры. 2007 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы. 2009 жылдың маусым айынан - ЕҚЫҰ сол кездегі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және кемсітуге қарсы күрес жөніндегі өкілі. ОДБК қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының екілі (Санкт-Петербор қаласы, РФ); ҚР сайлау заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу женіндегі жұмыс тобының мүшесі; «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Управление человеческими ресурсами» («Адам ресурстарын басқару») журналы редакциялық кеңесінің мүшесі; Еуропа жоғары оқу орындары бірлестігі атқару кеңесінің мүшесі (Брюссель қаласы, Бельгия); ҚР БҒМ Білім беру қызметін лицензиялау женіндегі комиссияның мүшесі. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2003). «Құрмет» орденімен (2009); «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «Педагогикалық қызмет саласына сіңірген еңбегі үшін» Ы. Алтынсарин атындағы төс белгімен (2007) марапатталған.