Стефан Цвейг
Стефан Цвейг (нем. Stefan Zweig — Штефан Цвайг; 28 қарашасында дүниеге келген — 1942 жылдың 22 ақпанында дүниеден өткен) — австриялық жазушы, сыншы, көптеген новеллалар мен беллетристік биографиялардың авторы. Әлем әдебиетінде ерекше орын алатын жазушы.
Стефан, Вена қаласында тоқыма мануфактурасы иегері ауқатты еврей саудагері Морица Цвейгтің жанұясында дүниеге келген. 1900 жылы Цвейг гимназияда білім алып, Вена универитетінде оқуын жалғастырады. Оқу барысында жас қаламгер алғаш рет "Күміс қыл" атты өлең жинағын шығарады. Университетті үздік көрсеткішпен бітіре сала, 1905-1912 жылдары ол дүние жүзін аралауға аттанады. Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарын Цвейг Щвейцарияда өткізеді. Сонымен қатар, оның Ромен Роллан туралы очеркі "Еуропа Инабаты" атымен дүниежүзіне әйгілі болады.
Эмиль Верхарн, Ромен Роллан, Франс Мазерель, Огюст Роден, Томас Манн, 3игмунд Фрейд, Джеймс Джойс, Герман Гессе, Герберт Уэллс, Поль Валери, Максим Горький, Рихард Штраус, Бертольд Брехт атақты адамдармен дос болған.
Бұл шығармалар оқырманды көркем сюжетпен, драматизммен, адам табиғатын дәл суреттеумен таңқалдыруда.
Өмірінің соңғы жылдары, Цвейг 20 ғасырдың ортасындағы саяси өзгерістерге куә болады. Еуропада болып жатқан саяси жағдайды жақтырмай, Стефан Цвейг алдымен Лондонға, одан кейін Америкаға көшуге мәжбүр болады. Атақты жазушының заман өзгерісі туралы ойлары "Кешегі Әлем" атты мемуар-кітабында жарық көреді. Жазушы уақыт өте келе, Цвейг өзін жат заманның, жат елдің адамы ретнде сезіне бастайды. Қайғы-мұңға толған жазушы 22 ақпанда көз жұмады.
Мұра 2006 жылы Бразилияда оның атына Casa Stefan Zweig деген қайырымдылық қоры ашылады. Әрине, Стефан Цвейгтің ең басты жетістігі - болашаққа арналған, баға жетпейтін алтын қазына - оның шығармалары.
Көп оқылғандар
02.10.2026
1506
05.10.2026
1456
05.10.2026
1435
07.10.2026
1361
02.10.2026
1198
02.10.2026
868
02.10.2026
665
03.10.2026
629
02.10.2026
574
05.10.2026
508
05.10.2026
462
08.10.2026
426
03.10.2026
398
08.10.2026
221
18.09.2026
3157
21.09.2026
3136
25.09.2026
3043
17.09.2026
2811
29.09.2026
2249
16.09.2026
2059
28.09.2026
1957
20.09.2026
1921
12.09.2026
1903
30.09.2026
1874
27.09.2026
1733
25.09.2026
1594
11.09.2026
1551
09.09.2026
1520
02.10.2026
1506
