Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ж
Жан-Поль Сартр

Жан-Поль Сартр

Жан-Поль Сартр (Sartre)  (1905-1980) - француз философы, публицист, романист және драматург. II дүниежүзілік соғыстың кезінде неміс тұтқынында болған, одан оралған соң қарсылық көрсету қозғалысына қатысқан. Соғыстан кейін Альберт Камю, Морис Мерло-Понти және Симона де Бовуармен бірге саяси бағытталған Les Temps Modernes журналының негізін қалаған. Сартр отаршылдыққа ашық қарсылық көрсеткен. Ол Батыс және Шығыс лагерлерінің арасында бітімнің орнауын қолдады. АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы кезінде ол Бертран Расселмен бірге әскери қылмыстар бойынша ресми емес Трибунал төрағасы болған. Сартр өмірінің соңғы күніне дейін ғаламдық әділеттілікті қорғаушы, сол үшін күресуші ретінде танымал.

Көп оқылғандар